Халықаралық қауымдастық қазақстандық прокурорлардың тәжірибесіне қызығушылық білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Халықаралық прокурорлар қауымдастығының Президенті Герхард Ярошпен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты - еліміздегі қылмыстық сот төрелігі саласындағы реформалармен таныстыру, деп хабарлайды ҚазАқпарат.