Ираннан Түркіменстанға өткен 120 адамның арасында Қазақстан азаматтары да бар
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты ресми Ашғабат Иранда жүрген шетелдік дипломаттар мен олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ басқа да шетел азаматтарына ол елден Түркіменстан аумағы арқылы шығып кетуге рұқсат берді. Мұны Түрікменстан сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Оның 16 маусымдағы деректеріне сәйкес, Түрікменстан мемлекеттік шекарасын бақылау-өткізу пункттері арқылы шамамен 120 адам Ираннан Түркіменстан жеріне өткен. Олардың арасында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Румыния және басқа да елдердің азаматтары бар. Читать дальше...
