Трамп Канадада басталған G7 саммитінен ертерек кетуді ұйғарды
Канадада өтіп жатқан "Үлкен жетілік" (G7) саммитіне барған АҚШ президенті Дональд Трамп жиын бітпей жатып кетуді ұйғарды. Ақ үйдің ресми өкілі Кэролайн Левитт мұны Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты деп түсіндірді. "Президент Трамп Таяу Шығыстағы оқиғаларға байланысты бүгін мемлекет басшыларымен кешкі астан кейін аттанады", – деп жазды дүйсенбі күні Левитт X әлеуметтік желісінде. Одан сәл бұрын прездиент Трамп Truth Social желісіндегі жазбасында жұртты Тегераннан кетуге үндеген болатын. Читать дальше...
