"Бағанашыл" балалар үйіндегі дау: үш шенеунік қызметінен қағылды
Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаев қаласына күштеп көшіру кезінде болған даудан кейін Алматы облысы әкімінің орынбасары мен облыстағы екі басқарманың жетекшісі қызметінен алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, лауазымынан босатылғандар – Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков, білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева және ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбітов. Болат Күреңбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне былтыр тамызда тағайындалған. Читать дальше...
