Павлодар облысында жер үйдегі өрттен екі бала көз жұмды
15 қаңтарда Павлодар облысы Иртышск ауылындағы жер үйде шыққан өрттен екі бала қаза тапты. Бұл туралы облыстағы төтенше жағдай департаменті хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, өрт сөндірушілерге хабар таңғы 8:33-те түскен. Үш минутта өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде үй өртке оранғанын көрген. Өрт басталғанда үйде төрт бала болған, біреуі сыртқа шығып үлгерген. Қалған үшеуін өрт сөндірушілер сыртқа алып шыққан. "Алайда кәмелетке толмаған екі бала ауруханада көз жұмды" деді департаменттің баспасөз қызметі. Читать дальше...
