Добавить новость
smi24.net
World News
Сентябрь
2025

Халықты қорғау тетіктерін күшейту: Төтенше жағдайлар министрлігінің құзыреті кеңейді

0

Қазақстан үкіметі Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) өкілеттігін кеңейтті. 11 қыркүйекте ТЖМ сайтында шыққан ақпаратта министрлік енді аумақ қорғанысы мен эвакуацияны ұйымдастыруға, халықты қатер жайлы құлақтандыруға, арнаулы құралымдар құруға және әскери-техникалық саясатқа қатысуға құқылы деп жазылған.

Оған қоса ТЖМ қару-жарақ пен әскери техника айналымына бақылау жүргізіп, жаңа үлгілеріне техникалық талаптар әзірлейді. Әскери-патриоттық тәрбие, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстар да министрлік құзыретіне енгізілді.

Атап айтқанда, министрлік енді:

аумақтық қорғанысты жоспарлауға қатысады;жұмылдыру тапсырмасы негізінде арнайы құралымдар құрып, оларды материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етеді;халықты төнген қатер жайлы алдын ала хабардар ету және құлақтандыру жұмыстарын жүргізеді;эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастырады;азаматтық қорғау органдарының дайындық деңгейін арттырады;әскери-патриоттық тәрбие жүйесін дамытуға атсалысады;қорғаныс өнеркәсібі мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстарға қатысады;әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына бақылау жасайды;жаңа үлгідегі қару-жарақ пен техникаға тактикалық-техникалық талаптарды айқындайды;мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери тауарлардың сапасы мен сәйкестігін қамтамасыз етеді;әскери ұлттық стандарттарды әзірлеуге және жаңартуға қатысады;жабық әскери қалашықтар мен нысандардың тізбесін бекітеді;азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссиялары жұмысының қағидаларын қабылдайды.

Үкімет қаулысына енгізілген толықтырулар ТЖМ-нің жауапкершілік аясын кеңейтіп, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы рөлін күшейтуді көздейді.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *