Добавить новость
smi24.net
World News
Сентябрь
2025

Польша Беларусьпен шекарадағы барлық пункттің жұмысын тоқтатты

0

12 қыркүйекке қараған түні Польша Беларусьпен шекарадағы барлық пунктің жұмысын тоқтатты. Поляк шекарашылары әрбір өткізу пунктінің алдына металл қоршау қойып, тікен сым тартты деп жазды БелТА.

Бұған дейін екі өткізу пункті істеген: жолаушылар көліктеріне арналған Брест және жүк көліктеріне арналған Козловичи бекеттері.

Шекараны жабу туралы шешім "Батыс-2025" атты Ресей-Беларусь әскері бірігіп өткізіп отырған әскери жаттығумен байланысты. Ол 12-16 қыркүйекте Беларусь аумағында өтеді. Польша билігі шекара қашан ашылатынын айтпады.

Шекараны жабатынын Варшава 9 қыркүйекте жариялаған. Ертесінде шамамен 20 ресейлік дрон Польшаның әуе кеңістігін бұзған. Поляк әскері мен НАТО бойынша одақтастар әуеге жойғыш ұшақтарды көтерді. Дрондардың бір бөлігі атып түсірілді. Соғыс басталғалы бері НАТО аумағында алғаш рет ресейлік дрон атып түсіріліп отыр.

11-18 қыркүйекте Латвия билігі де шекарасын жапқан.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *