Добавить новость
smi24.net
World News
Декабрь
2025

CPJ Астананы Бажкеноваға қарсы істі жауып, "Ордаға" қысымды доғаруға шақырды

0

"Журналистерді қорғау комитеті" Қазақстан билігін "Орда" сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға тағылған айыпты алып тастап, басылымның еркін жұмыс істеуіне жағдай жасауға шақырды. Баспасөз қорғау ұйымының мәлімдемесі 2 желтоқсанда жарияланды.

"Ордадағы полиция тексерісі мен Гүлнәр Бажкеноваға қарсы қылмыстық айыптаулар Қазақстанда тәуелсіз БАҚ-қа қысымның күшейгендігін көрсетеді және Қазақстанның "жалған ақпарат" туралы заңының осал екендігін тағы да айғақтай түседі. Қазақстан билігі Бажкеноваға тағылған айыпты алып тастап, заңнаманы дереу реформалауы қажет, осылайша жала жабу істерін азаматтық өндіріс тәртібімен қарауды қамтамасыз ету керек" деді CPJ Еуропа және Орталық Азия бағдарламасының үйлестірушісі Гүлноза Саид.

1 желтоқсанда полиция Orda.kz сайтының Алматыдағы редакциясы мен бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың үйінде тінту жүргізіп, ізінше Бажкенова "көпе-көрнеу жалған ақпарат тарату" күдігімен екі айға үйқамаққа алынған. Редакцияның бірнеше қызметкері тергеуден кейін босатылған.

Баспасөз қорғау ұйымы мәлімдемесінде Бажкенова ұсталмай тұрып, Қазақстандағы билікті сынап жүрген танымал сайт – Орданың кибершабуыл мен Бажкенованың "қазасы" сияқты жалған ақпарат тарап, қысымға ұшырағанын атап өтеді.

Алматы қаласының полиция департаменті "Алдын ала мәліметтер бойынша, 2024 жылы жарияланған материалдардың бірінде құқық қорғау органы қызметкерінің пара алған кезде ұсталды деген шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылған. Тергеу барысында мұндай фактінің болмағаны нақтыланды. Осылайша, азаматша Б.-ның әрекеттері жарияланымда көрсетілген қызметкердің кәсіби беделіне нұқсан келтіріп, қоғамда жалған пікір қалыптастырған" деген еді.

Қазақстандық құқық қорғаушылар мен журналистер іс Орда сайтының бірнеше ай бұрынғы материалдарымен атап айтқанда, сол кездегі сыртқы істер министрінің ірі жемқорлық пен оппозициялық журналистің қазасына қатысты материалдарымен байланысты болуы мүмкін деп топшылаған.

Баспасөз қорғау ұйымы мәлімдемесінде Қазақстан билігі кейінгі кезде елдегі тәуелсіз БАҚ-ты жалған ақпарат таратты деп жиі айыптай бастағанын, АҚШ Конгресі қаржыландыратын Азат Еуропа/Азаттық радиосына да айыппұл салғанын, бірнеше тәуелсіз журналисті қамағанын еске салады.

Ұйым Бажкенова ісі бойынша Қазақстанның ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық полициясына хат жазғанмен әзірге жауап алмаған.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *