Добавить новость
smi24.net
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Сот адвокат Мұрат Адамды лицезиясынан айырды

0

Алматыдағы сот 16 қаңтарда адвокат Мұрат Адамды лицензиясынан айырды. Бұл ҚазТАГ агенттігі мен Orda.kz сайты хабарлады.

Бұған дейін әділет министрлігі Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнара Бажкенованың мүддесін қорғап жүрген адвокат Мұрат Адамды лицензиясынан айыруды сұрап сотқа жүгінген. Министрлік тұжырымы бойынша, адвокат сотқа дейінгі тергеу барысы туралы бірнеше рет жалған ақпарат таратқан. Адам бұл айыптарды терістеген.

16 қаңтарда Алматы қаласы Бостандық ауданы сотының судьясы Дәурет Тілеубаев министрлік шағымы бойынша адвокатты лицезиясынан айырды.

Ал адвокат сотта да министрліктің таққан айыбын жоққа шығарып, сотта дәлел ұсынғанын айтады.

"Шағымда айтылған әрбір жоққа шығару үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Бұл қолымызден келді деп ойлаймын. Әділет министрлігінің шағымында айтылған әрбір айыпты дәлелдермен жоққа шығарды. Сот неше мұндай шешім шығарғанын түсінбей тұрмын. Сот шешімін әлі алған жоқпыз. Танысқан соң құқығымызды пайдаланып, апелляциялық шағым түсіреміз" деді Адам соттан соң.

Қазақстанда жүзден аса адвокат Мұрат Адамға араша түсіп, мәлімдеме жасаған еді.

1 желтоқсанда Алматыда полиция Orda.kz қазақстандық медиа редакциясында тінту жүргізді. Басылым қызметкерлері мен заңгерлер тергеу тобы жалақы төлеуге арналған қаражатты алып, құжаттар мен техниканы тәркілеп, сейфті бұзғанын хабарлады. Сол кезде адвокат Мұрат Адам тиісті өкілеттігі бола тұра редакцияға да, Гүлнара Бажкенованың пәтеріне де кіргізілмегенін және тінтуге санкциямен танысуға мүмкіндік берілмегенін мәлімдеді, бұл қылмыстық-процестік заңнаманы бұзу екенін айтты.Полиция Orda.kz сайтының Алматыдағы редакциясынан бөлек бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың үйінде тінту жүргізіп, ізінше Бажкенова "көпе-көрнеу жалған ақпарат тарату" күдігімен екі айға үйқамаққа алынған. Редакцияның бірнеше қызметкері тергеуден кейін босатылған.Бұған дейін Orda.kz басылымына халықаралық ұйымдар араша түскен. "Журналистерді қорғау комитеті" Қазақстан билігін сайттың бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға тағылған айыпты алып тастап, басылымның еркін жұмыс істеуіне жағдай жасауға шақырған. Астана бұл мәлімдемеге келіспей, "бұл үндеу нақты жағдайды толық білмеуден туындағаны анық" деген.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *