Добавить новость
smi24.net
World News
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Билік ұсынған жаңа Конституция жобасын қолдау мен сын

0

Қазақстан Конституциясына ауқымды өзгерістер енгізуді жұрт әлеуметтік желіде қызу талқылап, үкімет жариялаған жобаны сынға алған пікір жиілеген тұста, оны қолдап сөйлегендер саны да арта түсті. Қолдағандардың кейбірі бір-бірінің мәтінін айна-қатесіз көшірсе, енді бірі жасанды интеллект көмегімен жазғанын сол қалпында желіге жариялады.

Елдегі кейбір оқу орындарында басшылық бұрынғы әдетке салып, қызметкерлерді мәжбүрлеп жатыр дегендер де болды.

Азаттық желіде аталған оқу орындарының бірі – Алматыдағы Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлеуметтік-тәрбие департаментінің директоры Жұлдыз Есімоваға хабарласып, сұраған еді, ол жоғарыдан ешқандай нұсқау-тапсырма болған жоқ деп жауап қатты.

Үкімет жариялаған жаңа Конституция жобасын қолдау науқанына елге танымал адамдар да үн қосып жатыр. Халық жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов билік бастамасын қолдап сөйледі.

– Қазір менің атымнан жалған ақпарат тарап жатыр, оған сенбеңіздер. Мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Конституциясын, оның саясатын толық қолдаймын, – деген Шахановтың видеосы желіде тарады.

Кейінгі уақытта әлеуметтік желіде қозғалып жатқан тақырыптарға ойын ашық білдіріп жүрген, бұған дейін қоғамдағы әйел бейнесі жайлы пікірі дауға қалған ақын Бақыт Беделхан болса заң жобасы қазақша жазылғаны көңілге қонатынын айтып видео жариялады.

– Ең бастысы, бұның таза қазақша жазылуында. Қазақша жазылып, одан кейін орысша аударылды деген кезде шынымен ерекше қуанған жайт осы болды, – дейді Бақыт Беделхан.

Жаңа жобаны қолдау қызған шақта ақын Ақберен Елгезек билік танымал адамдарды күштеп сөйлетіп жатыр деген ой білдірді. Ал стендап-комик Мұхтар Ерлан жобаны жақтаушыларды әзілге қосты.

Азаттық тілшісі әлеуметтік желідегі қолдауды билік ұйымдастырды ма, жоқ па деген сұрақты мәжіліс депутаттарына қойып көрген еді.

Ермұрат Бапи, Мәжіліс депутаты:

– Конституция жобасына байланысты науқанды жүреге асыру барысында тізеге салу, күштеу, зорлық көрсету жағдайынан ада болуымыз керек. Бірақ бұл мемлекеттік үлкен кампания болғаннан кейін, президент тарапынан қозғалғандықтан, мемлекеттік органдар өз шамасына қарай оны жүзеге асыруға кіріседі. Соның ішінде біреулердің мұғалімдерге немесе мемлекеттік қызметкерлерге, тағы да басқа өзіне бағынышты саладағыларға талап қойып, араласыңдар, кірісіңдер деуі мүмкін. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Қалай болғанда оны да түсіністікпен қабылдай білуіміз керек.

Мұрат Әбенов, мәжіліс депутаты:

– Егер де мені мәжбүрлеп жатыр дегендер болса, арыз-шағымын берсін. Ешкімнің басқа біреуді еркінен тыс басқа ой айтуға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.

Абзал Құспан, Мәжіліс депутаты

– Бізде бұрынғы кеңес үкіметі кезеңінен қалған бір ауру деп есептеймін, шолақ белсенділік деген ұғым бар. Президенттің бұлай тапсырма бергеніне менің күмәнім бар. Олай айтпағанына сенімдімін. Мемлекеттік органдарға тапсырма беріңдер, бәрі қолдасын, пост жазсын деген тапсырма берілген жоқ. Егер ондай тапсырма берілген болса парламентте отырған біз бірінші болып еститін едік. Мүмкін жекелеген оқу орны мен мектеп басшылары көзге түсіп қалайық, қызметімізді елеп-ескерсін деп осылай айтып қалған шығар...

Әлеуметтік желідегі пікірталасты бақылап отырған коммуникация маманы Қуат Домбай үкімет жобаны қолдаушылар көп деп есеп беру үшін танымал адамдарды пікір білдіруге көндіріп отыр деп санайды. Оның ойынша, бұл әдіс жұрттың сенімінен шықпайды. Билік бейтарап пікірталасқа алаң ұсынбай, тек жақсы деген біржақты көзқарасты ілгерілету арқылы халықтың шатасуына жол беріп отыр дейді ол.

– 80 пайызы өзгеріп жатыр дейді [Конституцияның]. Қай бағытта өзгерді, неге өзгерді, бұл мемлекетке жақсы ма, жоқ па, қандай қауіп-қатері бар – осыны сараптаған ешкім жоқ. Күшті, күшті дей берсе... Біреуі күшті десе, екіншісі бұл авторитар режимге апарады дейді. Сенетін адам жоқ. Бұл дұрыс емес қой. Олар тек есеп үшін істеп жатыр. Сонда олар сын тек 2 пайыз болды, қолдағандар 98 пайыз болды, жақсы жұмыс атқарылды демекші. Сын 2 пайыз болса да, әсері 80 пайызға жетуі мүмкін. Насихат терең болуы керек, ақпарат сенімді болуы керек, – деді Қуат Домбай.

Қуат Домбай Конституция жобасының жақсы жағы болса, кемшін тұсы да бар, билік соны кәсіби түсіндіруге және ашық талқылауға ұмтылып отырған жоқ деп отыр.

Қазақстанда парламент реформасы жөніндегі жұмыс тобы былтыр қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауынан кейін құрылған. Биыл 20 қаңтарда Ұлттық құрылтай отырысынан кейін конституциялық комиссия жұмысын бастаған. Әуелде қазіргі Конституцияға түзету енгіземіз деген арнайы комиссия бір аптада бес рет жиналып, су жаңа Конституцияға қажет деген тұжырым жасаған. Оны президент те қолдай сөйлеген.

Азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, белсенділер президент Тоқаевты Конституцияны өзгертуде асығыстық танытпауға шақырып, толымды қоғам талқылауын өткізу қажетін айтты. Жаңа Конституцияның жобасы кіріспе, 11 бөлім және 95 баптан тұрады.

Конституцияны өзгерту бастамасы жайлы Азаттық материалдарын оқыңыз:















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *