Қазақстанда парламент сайлауы қайтадан толықтай партиялық тізім бойынша өткелі тұр. Билік мұның әлемде кең тараған тәжірибе екенін айтады. Кең тарағаны рас, бірақ оның Ақорда таңдаған түріне мысал табу қиын. Партиялық тізіммен сайлаудың қазақстандық үлгісі қалай жұмыс істейді?