Добавить новость
smi24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Дарт Вейдердің жарық қылышы рекорд бағаға сатылды

0

Дарт Вейдер "Мен сенің әкеңмін" деген әйгілі сөзін айтқанға дейін ұстаған жарық қылышы бейсенбіде 4,87 миллион доллардан аса сомаға сатылды. Бұл – "Жұлдызды соғыстар" фильмдер топтамасынан аукционға шығарылған ең қымбат жәдігер, - деп хабарлайды Tengri Life CNN-ге сілтеме жасап.

Бұл қылышты "Жұлдызды соғыстар" фильмдеріндегі маңызды жекпе-жек көріністерінде Дарт Вейдердің ролін сомдаған Дэвид Проуз бен оның дублері, Олимпиада ойындарының семсерлесу спортынан қатысушысы Боб Андерсон пайдаланған.

Қылыш "Империя кері соққы береді" (1980) фильміндегі Бұлтты қалада Люк Скайуокермен болған жекпе-жек арқылы көпшілікке жақсы таныс. Сол көріністе Дарт Вейдер ұлының қолын шауып түсіріп, артынша оған өзінің әкесі екенін айтады. Ал "Джедайдың оралуы" (1983) фильмінде дәл осы қылышты император Палпатиннің тағы орналасқан залындағы шайқаста қолданған.

Heritage Auctions аукцион үйінің каталогында бұл қылыштың "Жаңа үміт" (1977) фильмінде пайдаланылғанын растайтын дерек жоқ екені жазылған. Дегенмен мұндай мүмкіндік жоққа шығарылмайды.

Бұл жолғы сауда бұған дейінгі рекордтан асып түсті. Шілдеде осы аукционда Люк Скайуокердің Бұлтты қаладағы шайқаста пайдаланған жарық қылышы кесілген қолдың арнайы эффектісімен бірге 3,75 миллион долларға сатылған еді.

Түпнұсқа трилогиядағы көптеген жарық қылыштың сабы бұрынғы фотоаппараттардың жарқыл құрылғыларынан жасалған. Жекпе-жек көріністеріне арналған нұсқаларына арнайы макеттер орнатылып, соққыға төзімді болуы үшін күшейтілген. Ал қылыштың жарқыраған жүзі кейінгі монтаж кезінде кадр-кезеңімен анимация арқылы қосылған.

Фото: Heritage Auctions каталогы

Аукцион каталогында Дарт Вейдердің қылышында оны түсірілім кезіндегі жекпе-жектерде пайдаланғанын аңғартатын іздер бары көрсетілген. Атап айтқанда, сызаттар, жарық, сыртқы қаптамасының жоғарғы бөлігінің зақымдануы және сабының жартылай сынуы бар.

Heritage Auctions ұйымдастырған Ultimate Star Wars тақырыптық аукционында негізгі фильмдер топтамасы мен оның спин-оффтарынан алынған реквизиттер мен өнер туындыларын қоса алғанда, 200-ге жуық жәдігер саудаға шығарылды.

Ең қымбат сатылған бұйымдардың қатарында "Империя кері соққы береді" фильміндегі Боба Фетттің қаруы бар. Ол 375 мың долларға сатылды. Сондай-ақ, түсірілім кезінде пайдаланылған және бұған дейін актриса Кэрри Фишерге тиесілі болған қарда жүретін көліктің шағын үлгісі 200 мың долларға бағаланды.

Дарт Вейдердің жарық қылышы 2026 жылғы 12 қарашада АҚШ-тың Техас штатындағы Даллас қаласында өткен аукционда сатылды.

Айта кетейік, 2025 жылы Лос-Анджелесте өткен Entertainment Memorabilia Live Auction аукционында Дарт Вейдердің тағы бір жарық қылышы 3,654 миллион долларға (2 миллиард теңгеге жуық) сатылған еді. Бұл сома Алматыдағы 50 пәтердің құнымен шамалас.













Музыкальные новости




















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *