Добавить новость
smi24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Кемерово маңында Ан-12 ұшағы апатқа ұшырап, 17 адам қаза тапты - БАҚ

0

Сейсенбі күні кешке, 17 қарашада Кемерово облысының Ягуново ауылы маңында авиациялық оқиға болды. Бұл туралы облыс губернаторы Илья Середюк әлеуметтік желіде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Оқиға орнына шықтым. Онда жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Өңір тарапынан қажетті көмек көрсетіледі", - деп жазған губернатор оқиғаның мән-жайын уәкілетті мекемелер анықтап жатқанын атап өтті.

Mash, SHOT, Baza телеграм-арналары мен РЕН-ТВ телеарнасының мәліметінше, Ан-12 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшыраған. Бортта 17 адам болған, олардың барлығы қаза тапты.
Ұшақ Новосибирскіден Канскіге бағыт алғаны хабарланды. Ұшақ аэродромға шамамен бес шақырым жетпей, егістікке құлаған. Ұшақ бөлшектері 500 метр радиуста шашылып қалған. Бортта қауіпті жүк болмаған, жерде ешқандай қирау жоқ.
Кемерово маңындағы апатқа қозғалтқыштың өртенуі себеп болған. Ұшақ моторының бірі әуеде өртеніп, борт бірден төмен қарай ұшқан. Кейбір мәліметтерге қарағанда, экипаж соңғы сәтке дейін жанып жатқан ұшақты тұрғын үйлерден алыстатуға тырысқан.

Ұшақ түрі мен қаза тапқандар саны туралы ресми ақпарат әзірге жоқ.













Музыкальные новости




















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *