2 қазанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 қазан күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашынды ауа райы сақталады, елдің тек шығыс және оңтүстік шығысында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
