Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2015

Новости за 12.09.2015

Футбол: «Ақжайық» қарсыласын 8:1 есебімен ұтып, көш басына көтерілді

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бірінші лига командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» Алматының ЦСКА командасын қабылдап, 8:1 есебімен жеңіске жетті.

Жас жұбайлардың үйлену тойындағы биі ғаламторды дүр сілкіндірді (ВИДЕО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламторға жарияланған жас жұбайлардың үйлену тойындағы биі жұртшылықты таңғалдыруда. Қалыңдық би кезінде түрлі акробатикалық трюктерді жасап, келген қонақтарды өзіне қаратты.

Мейвезер Г. Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты (ВИДЕО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 38 жастағы америкалық боксшы Флойд Мейвезер Андре Бертомен жекпе-жегі қарсаңында FoxBusiness-тің сұрағына жауап беріп, орта салмақ дәрежесі бойынша чемпион Геннадий Головкинмен жұдырықтасу туралы ойын айтып кетті. Бұл туралы GGG-дің В Контакте желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Алмас Өтешов 422 келіні бағындырды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 94 келі салмақта ел намысын қорғайтын қазақстандық ауыр атлет Алмас Өтешов 422 келі салмақты бағындырды, деп жазады «Аламан» порталы. 

Шие және оның пайдалары

Bilim-all 

Шие – раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын ағаш және бұталы өсімдік. Шие тұқымдасында 200 жуық түрі бар. Қазақстанда 7 түрі таралған. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда, құнарлы саздақ топырақта жақсы өседі және желсіз, ық және күннің көзі мол түсетін жерде жақсы өседі.



ШҚО әкімі жөндеу жұмыстары аяқталған Өскемен қаласындағы Ертістің жағалауын аралап шықты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО әкімі жөндеу жұмыстары аяқталған Өскемен қаласындағы Ертістің жағалауын аралап шықты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Біздің қазақ халқының мемлекеттігі өте тереңде жатыр - А. Оразбақов

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біздің қазақ халқының мемлекеттігі өте тереңде жатыр, дейді Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тарих, құқық және экономика факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, Астанаға Қызылорда облысынан келген делегация мүшесі Айтжан Оразбақов.

Денсаулық министрлігі дәрігерлердің білімі мен тәжірибелік машығын бағалау жұмыстарын қорытындылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ДСӘДМ медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті дәрігерлердің білімі мен тәжірибелік машықтарын бағалау жұмыстарын қорытындылады.

Алматыда зияткерлік ойындар бойынша I Еуразия Кубогы өтіп жатыр (ФОТО)

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда зияткерлік ойындар бойынша I Еуразия Кубогы басталды. Турнирдің басты мақсаты - қазақстандық жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту және еліміздегі интеллектуалдық қозғалысқа қоғам назарын аудару.

Ұлт рухын асақақтатқан күн болды - А. Божанова

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналып Астанада өтіп жатқан шараларға Сыр бойынан барған делегация салтанатты жиынға қатыстық. Салтанатта  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Абылай ханның армандары еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін орындалғанын айтты, дейді Қызылорда облысының құрметті азаматы Алмагүл Божанова.

Алматыда тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңынан өрт шықты

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Жайлы» тұрғын үй кешенінің құрылыс жүріп жатқан аумағында өрт орын алды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Алматы қ. ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

Қытайлық Тяньцзинда болған жарылыс құрбандарының саны 173 адамға жетті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар 12 тамыз күні Солтүстік Қытайдағы Тяньцинь қаласында болған жарылыстардан кейін із-түссіз жоғалған болып есептелген сегіз адамның мерт болғанын анықтады.

Бикен Римова атындағы драма театрының актерлері елордалық көрермендерге «Хан көтеру» рәсімін көрсетті (ФОТО)

Казинформ 

АСТАНА-ТАЛДЫҚОРҒАН - Алматы облысының Астанадағы «Қазақ елі» монументі жанындағы мәдени бағдарламасы «Хан көтеру» рәсімімен басталды. Елордада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ауқымды мәдени шара өтуде.

Алматыда «Мектепке қауіпсіз бару! Үйге қауіпсіз келу!» акциясы өтті (ФОТО)

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда «Мектепке қауіпсіз бару! Үйге қауіпсіз келу!» акциясы өтті. Ұйымдастырушылар - Алматы қалалық ішкі істер департаменті, «Ортақ жол» жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығы және Қазақстанның Қызыл Жарты ай қоғамы.

Отбасы - қоғамымыздың негізін құраушы ма­ңызды институт болып табылады - Ақмола облысының әкімі

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жергілікті бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы ақмолалықтарды Отбасы күнімен құттықтады.

Роджер Федерер мен Новак Джокович - финалда!

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үлкен теннистен Америка ашық додасы өз мәресіне жетіп те қалды. Ертең, жексенбі күні теннистен ерлер арасында финалдық керемет кездесу өтеді. 13 қыркүйек күні Америка жұртшылығы алдында швейцариялық Роджер Федерер мен сербтік Новак Джокович кім мықты екенін анықтайды.

Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтуде (ФОТО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертеңнен бері Астана қаласында «Мега» СОО алдындағы алаңда Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми порталы. 





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *