Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Октябрь
2015

Новости за 27.10.2015

Энди Ли: Головкиннің белдіктерін иеленгім келеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы (72,6 кг дейін) WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Энди Ли өзінің соққыларының күші Головкиннен осал емес деп санайды. Сондықтан да 2016 жылы онымен күш сынасуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы GGG-дің ВКонтакте желісіндегі ресми тобының парақшасында хабарлады.

Жұмысқа деген құштарлық денсаулықты нығайтады - ғалымдар

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ғалымдардың соңғы зерттеуі бойынша, өз жұмысына эмоционалдық құштарлығы басым қызметкерлердің психологиялық тұрғыдан денсаулығы мықты болады, деп хабарлайды The Express Tribune.

А. Баталов Талдықорғанда салынып жатқан бірнеше құрылыс нысандарының жұмыс барысымен танысты (ФОТО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласында салынып жатқан бірнеше құрылыс нысандарының жұмыс барысымен танысып қайтты.

Батыс Қазақстан облысында 1718 шетелдік азамат жауапқа тартылды

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Батыс Қазақстан облысында көші-қон полициясы бөлімшелерінде биылғы тоғыз айда 17321 шетелдік азамат тіркелсе, соның 2090-ы - алыс шет елден, 15231-і - ТМД елдерінен келгендер. Бұл туралы облыс прокуроры Серік Қарамановтың төрағалық етуімен өткен БҚО құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында айтылды.

Алматыда өз қызын зорлаған әкеге қатысты сот үкімі шықты

Казинформ 

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық сот отырысында ҚР ҚК-нің 120-бабының 3-бөлімінің 5-тармағымен айыпталған азамат Б-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.

Шымкентте ұшқышсыз ұшақ шығарылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте ұшқышсыз ұшақ шығарылады. Оның ерекшелігі сол - әуеде қалықтайтын мамандардың қажеті жоқ, арнайы бағдарламаның көмегімен самғайды, деп жазады otyrar.kz.



К.Мәсімов жапон тарапымен жасалған барлық келісімдердің жүзеге асатынына сенім білдірді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанға ресми сапармен келген Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесу өткізді.

1 грамм гашиш үшін бүкіл жолаушы медициналық тексеруден өтті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты «Сыпатай батыр авто» көліктік шекара бақылау бекетінің (қазақ-қырғыз шекарасы) шекара наряды бүгін түнде сағат 00.30-да Қырғыз Республикасынан біздің елімізге қарай келе жатқан, салонында 17 жолаушысы (2 адам ресейлік, 15 адам қырғызстандық) бар «Мерседес-бенц» шағын автобусына шекаралық тексеру жүргізіп, оның барысында қызметтік ит артқы қатардағы орындықтар арасынан мұқият оралған қоңыр-жасыл түсті зат тауып алды. Читать дальше...

Сот органдары браконьерлікке «онша елеулі емес қылмыс» деп қарайды - Е. Әлзақов

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сот органдары браконьерлікке «онша елеулі емес қылмыс» деп қарайды. Бұл туралы бүгін Алматыда ақбөкендерді қорғау мәселелері бойынша өткен кезекті жұмыс отырысы барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры Ерзат Әлзақов мәлім етті. 

Қазақстанда 26 ЖОО-ның әскери кафедрасы алғаш рет қыздарды әскери мамандыққа оқытады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылы алғаш рет Қазақстанның 26 жоғары оқу орнының әскери кафедрасында қыздарды оқытып-үйрету жүзеге асырылады. Дайындық екі әскери мамандық бойынша жүргізіледі. Ол: байланыс бөлімшелерін қолдану (әскери байланысшылар), автоматтандырылған қауіпсіздік жүйелерін қолдану (есептеуіш техника құралдарының объектілері мен басқару жүйелерін автобасқаруға арналған мамандар).

Бекбол Сағын Ақтөбе әкімі болып тағайындалды

Казинформ 

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың 27 қазандағы өкімімен Сағын Бекбол Үбайдоллаұлы Ақтөбе қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.

Астанада жаңа балабақша ашылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мектепке дейінгі мекемелерде кезекті азайту мақсатында ҚР Бас прокуратурасы елордада 48 орындық жаңа балабақшаны пайдалануға бермек. Аталмыш нысан Хусейн бен Талал мен № 36 көшелері қиылысындағы көппәтерлі тұрғын кешеннің бірінші қабатында орналасқан. 

Петропавлда балалар киімі тігіледі (ФОТО)

Казинформ 

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласына жасаған жұмыс сапарының барысында СҚО әкімі Ерік Сұлтанов «Прогресс» ЖШС-нің әскери және нысанды киім-кешек дайындап тігумен айналысатын «Прогресс» тігін фабрикасына барды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобалары қаралды

Казинформ 

АСТАНА.  ҚазАқпарат - 27 қазанда Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  заң жобасы қаралды.

Қазақстан мен Ресейдің жазушылар зиялы қауымы өзара пікір алмасып, ынтымақтастық көкжиектерін талқылады - М.Тәжин (ФОТО)

Казинформ 

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - «Біз мәдени кодымызды, тілімізді, руханиятты, дәстүрлерді сақтай білген жағдайда ғана уақыт қатерлеріне барабар жауап қайтара алатынымызды ұмытпауға тиіспіз. Егер ұлт мәдени кодын жоғалтатын болса, ұлттың өзі де жоғалады». Қазақстан Республикикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Марат Тәжин «Қазақстан - Ресей» жаңа әдеби алманағының алғашқы шығарылымының таныстырылымында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың осы сөздерін келтірді.

Сенатор И.Адырбеков БҰҰ АҚЖКБ өкілімен кездесті

Казинформ 

АСТАНА.  ҚазАқпарат - 27 қазанда Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасы аймақтық өкілінің міндетін атқарушы Элизабет да Коштамен кездесті.

Ауғанстанда тағы да жер сілкінді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісінің хабарлауынша, бүгін, 27 қазан күні сағат 19.14-де жер сілкінісі тіркелді.

Жапония Премьер-министріне Назарбаев Университетінің құрметті докторы атағы берілді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен бірге Назарбаев Университетіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министріне қуатты зілзалаға байланысты көңіл айтты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Миан Мохаммад Наваз Шарифке адам шығынына ұшыратқан күшті зілзалаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ақбөкендерді заңсыз аулау - ұйымдасқан қылмыстық сипатқа ие болуда - Е. Әлзақов

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстанда ақбөкендерді заңсыз аулау  ұйымдасқан қылмыстық сипатқа ие болуда. Бұл туралы бүгін Алматыда ақбөкендерді қорғау мәселелері бойынша өткен кезекті жұмыс отырысы барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры Ерзат Әлзақов мәлім етті. 

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің орнына сынақ тест тапсырып келген қылмыстық топ әшкереленді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметке орналасу кезінде жалған жеке куәліктерді жасап, біреудің орнына адамдар қою арқылы тестілеуден өту қызметтерін көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық топты анықтап, әшкереледі. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлайды.

Елбасы Ауғанстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғаниға адам шығынына ұшыратқан күшті зілзалаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *