Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Июль
2016

Новости за 16.07.2016

Павлодарлық оқушы математикадан Гонконгта өткен халықаралық олимпиададан алтын медаль жеңіп алған

Казинформ 

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының 296 жылдығын тойлау кезінде шаһар басшысы Нұржан Әшімбетов өз қаласының абыройын асқақтатқандардың қатарында Әмір Мұхаммед Әлиді ерекше атады. Ол Гонконгта өткен математика бойынша халықаралық олимпиададан алтын медаль жеңіп алған.

Түркия Президенті АҚШ-тан Фетхуллах Гюленді Анкараға беруін сұрады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған АҚШ-тың осы елдің Пенсильвания штатында тұрып жатқан Фетхуллах Гюленді Анкараға беруін қалайды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Түркияда әскери төңкеріс жасау әрекеті кезінде қаза тапқандар саны 265-ке жетті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда әскери төңкеріс жасау әрекеті кезінде қаза тапқандар саны 265-ке жетті. Бұл туралы ел президенті Режеп Тайип Ердоғанның әкімшілігі хабарлады, деп жазады Би-би-си.



Арнайы мақсаттағы бөлімшелер қауымдастығы Алматы зообағының жолбарыстарын өз қамқорлығына алды

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Арнайы мақсаттағы бөлімшелер қауымдастығы және осы қауымдастықтың президенті Владимир Канушин басқаратын «Бүркіт» күзет компаниясы Алматы зообағының жолбарыстарын өз қамқорлықтарына алды.  

Алматылық балерина Қазақстан тарихында тұңғыш рет айтулы Халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының 24 жастағы солисі, Нью-Йорк қаласындағы (АҚШ) Халықаралық балет артистері байқауының лауераты Әсел Асқарова Ыстамбұл қаласында (Түркия) өткен 5-ші Халықаралық балет артистері байқауында бірінші орынды жеңіп алып, алтын медальге ие болды. Түркиядан кеше ғана ұшып келген Асел Асқарова мен оның сахнадағы әріптесі әрі өмірлік жолдасы Азамат Асқаров бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізді. Оған жас артістердің педагогы... Читать дальше...

ПІКІР: Түркияда тұрақсыздық орнай бастады, қоғам әр түрлі күштер мен ағымдарға бөлініп жатыр - А. Князев

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Түркияда бүлікшілерге қатысты жазалау шаралары қоғамды тек қысқа мерзімге ғана тыныштандыра алады. Елде тұрақсыздық жағдай орын ала бастады. Мұнда азаматтық соғыстың ұшқындары бар. Бұл туралы саясаткер Александр Князев мәлімдеді.    

Түркия әскери төңкеріс әрекетінен кейін өлім жазасын қайтадан енгізу мәселесін қарайды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Республикасының Конституциялық кеңесі елде болған әскери төңкеріс әрекетінен кейін өлім жазасын қайтадан енгізу мәселесін қарайды. Бұл туралы Habertürk телеарнасының эфирінде Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Бомбапана

Bilim-all 

Үлкен ағасы бірде байланыс бөлімшесіндегі жұмысына барып отырып, жұмыс арасында монтёр жігіттермен әңгімелесіп отырады. Негізінен, үлкен ағасы мектептен кейін көкесінің жанында жұмыс істеген. Көкесі кейде өз қызметтеріне байланысты ауданда өтетін жиналыстарына кетіп қалатыны бар, кейде өзге де шаруалары шығады, осындайда жұмыстың барлығын үлкен ағасына сеніп тапсырады. Ауылдық жерде әр рудың өзінің ел ағалары болады.

Теміртауда жоғалып кеткен кәсіпкер табылды

Казинформ 

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Теміртау қаласында шілденің басында жоғалып кеткен кәсіпкер Владимир Дашкевич табылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Астананың сол жағалауын су басты (ФОТО,ВИДЕО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатты жауған нөсер жауын салдарынан Астананың сол жағалауын су басты. Қала көшерелін басқан су салдарынан көлік қозғалысында біршама кедергілер болып жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары Астананың  су басқан көшелері түсірілген видеоларымен желіде бөлісуде. 





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *

RSS Telegram
Copyright © 29ru.net