Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Август
2016

Новости за 15.08.2016

Қызылорда облысында кәсіпкер ауылда ағаш өңдеп, кәсібін дөңгелетіп отыр

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-«Қызылорда шағын бизнесі» бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде жаңа кәсіпорындар ашылып, жұмыс істеп тұрған өндіріс орындары кеңеюде,-деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.

ДЕНСАУЛЫҚ: Балаларға планшет пен смартфондар неге зиян?

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кішкентай балалар планшет пен смартфондарды тез меңгеретініне қазір таңғалмайтын болдық. Жаңа технология жетістіктерімен шектен тыс әуестену балаға қандай қауіп әкелуі мүмкін екенін баяндайтын, ғылыми зерттеулерге негізделген осы мақаланы уақыт тауып, оқып шығуға кеңес береміз, деп жазады bilim-all.kz.

Левит-Тищенко: Букмекерлер болжамы қандай?

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында 91 келіге дейінгі салмақтағы боксшылардың ақырғы шайқасында букмекерлер ресейлік Евгений Тищенко жеңіске жетеді деп санайды.  

Қоғамдық орындарда темекі шеккен 3 мыңға жуық адам 55 млн теңге айппыұл төледі - Көліктегі ІІД

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері көлік полицейлері қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 2 700-ден аса адамға 55 миллион теңгеден астам айыппұл салды, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

БҚО: Сүгір жыраудың құлпытасы табылды

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - XVIII-XIX ғасырдағы көне қорымдардағы араб жазулы эпиграфикалық ескерткіштерді зерттеп жатқан Ақжайық ауданындағы «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны!» ғылыми-өлкетану экспедициясы Сүгір жыраудың құлпытасын тапты.

АУА РАЙЫ: 16 тамыз күні еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай байқалады, солтүстік-батыста, шығыста және орталығында ауа-райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Республиканың солтүстігінің кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

Жезқазғанда полицейдің бетіне зәр шашқан жүргізушіге үкім шығарылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жезқазғанда полицейдің бетіне зәр шашқан жүргізушіге екі жылға бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарланды.



Атырауда бұрынғы полицей Өтеуовтің атышулы ісі бойынша тергеуші ұсталды

Казинформ 

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда бұрынғы полиция қызметкері М.Өтеуовтың даулы ашық хаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлады Атырау №2 сотының баспасөз бөлімі.

Қазақстанның зейнетақы моделінде жұмыс берушілердің рөлі күшейтілуде

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Зейнетақы реформасы бойынша 2013 жылғы 7 маусымда Елбасының берген тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін біртіндеп жаңғырту бойынша жұмыстар атқарылуда.

Алматы облысында жыл соңына дейін тоғыз мектеп және жеті балабақша салынады

Казинформ 

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында әлеуметтік сала нысандары құрылысына зор көңіл бөлінуде. «Балапан» бағдарламасы және 2016-2019 жылдарға арналған ҚР-да білім және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда, олардың ауқымында жаңа, заманауи стандарттармен жарақтанған мектептер мен балабақшалар салынды. Облыста жыл соңына дейін тоғыз мектеп және жеті балабақша салынбақ.

«Болашақ» бағдарламасының жазғы кезеңіндегі 176 стипендияның иегері белгілі болды (ФОТО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттар қабылдаудың жазғы кезеңінде 176 стипендияның иегері белгілі болды. Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысынан кейін  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлім етті.

Ақмола облысы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша ең үздіктер қатарынан көрінді

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша еліміздің аймақтары арасында ең үздіктер қатарынан көрінді.

Алдағы жылдан «Болашақ» бағдарламасында ауыл мұғалімдеріне квота ескеріледі

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдан бастап ауыл мектептерінің мұғалімдері «Болашақ» арқылы оқытылмақ. Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысынан кейін  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов осылай мәлім етті.

Астанада «Бірінші сынып оқушыларына сыйлық» қайырымдылық шарасы өтті (ФОТО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бүгін «Қасиетті жол» балаларды оңалту орталығында «Бірінші сынып оқушыларына сыйлық» қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлады  Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі.

Алматы билігі Универсиада нысандарының құрылысын жаздың соңына дейін аяқтауға уәде берді

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы билігі 2016 жылғы жаздың соңына дейін Универсиада-2017-нің Мұз айдыны аренасы мен Атлетика қалашығы құрылыстарын аяқтауға уәде берді. Бұл туралы Қазақстан Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. 

ҚР Қорғаныс министрі Олимпиада чемпионын Риода жеңіп алған қола медалімен құттықтады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов әскери қызметші,  ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының капитаны, олимпиада чемпионы  Ольга Рыпакованы  Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада үш мәрте секіру сайысында жеңіп алған қола медалімен құттықтады.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *