Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Ноябрь
2016

Новости за 28.11.2016

Сенатор А. Бижанов Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымымен кездесті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 25 қарашада Парламент Сенатының депутаты Ақан Бижанов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттерімен кездесіп, «Егемен Қазақстан және Елбасы» тақырыбы бойынша лекция оқыды.

Астанада өткен «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясы материалдарынан жинақ әзірленді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты 2016 жылғы 31 мамырда Астанада болған «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясы материалдарынан жинақ әзірледі. 

Ертіс өзеніндегі су деңгейінің жоғарылауы павлодарлықтар үшін қауіп төндірмейді

Казинформ 


ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ертіс өзеніндегі су деңгейінің жоғарылауы павлодарлықтар үшін қауіп төндірмейді. Яғни, Семейдегі жағдай біздің өңірде орын алмайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

СҚО-да 400-ге жуық хоккей корты жұмыс істейді

Казинформ 

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 392 хоккей корты жабдықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасай отырып.

Ақтауда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер үшін баспана ашылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда «Облыстық арнайы мамандандырылған «Балалар үйі» ғимаратында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының жобасы - «Үміт үйі» облыстық дағдарыс орталығының - тұрмыстық зорлықтан зардап шеккен әйелдерге арналған баспана ашылды, деп хабарлайды облыс әкімінің бапспасөз қызмеі.

Сейсенбіде еліміздің солтүстігінде күшті жел болады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 қарашада еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, республикамыздың солтүстік және батыс аумақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, солтүстік облыстардың кей жерлерінде күшті жел болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ресейге санкция салғаны дұрыс болды - Назарбаев

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Россия 24" арнасына сұxбат берген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев посткеңестік елдердің экономикасын сипаттап, шикізат беруші мемлекеттен дайын өнім шығаратын елге айналу қажеттігіне баса назар аударды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оңтүстік өңірі қылмыстық әлемінің серкесі сотталды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық ортаның беделді мүшелері Ж.Бартекеев, С.Жапашев және М.Ормановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.



Қыс айларында ШҚО жолдарын қосымша техникалар тазалайды

Казинформ 

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында жол тазалайтын қосымша техникалар іске қосылып, жем және шөп тасу жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Елбасы сапалы медиаконтент дайындаудың маңыздылығына назар аударды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазмедиа Орталығы» ғимаратында мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

ОҚО-да салалық индикаторлық көрсеткіштер жайы талқыланды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аппараттық мәжілістің кезекті жиыны өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Молдованың ЕАЭО-ға қосылу ниетін қолдайды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Молдова билігінің Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуға ұмтылысын қолдайды. Бұл туралы «Россия 24» телеарнасына сұхбат берген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті терроризммен күресте ҰҚШҰ-ның рөліне баға берді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында жаһандық терроризм мен экстремизиммен күрес мәселесінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының рөлін атап өтті. 

Қарағандыдағы жәрмеңкеде 135 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері қойылды

Казинформ 

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысының бірқатар елді мекендерінің көгілдір отынға қолдары жетуі мүмкін

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін аймақ басшысы Сергей Кулагин республиканы газбен қамтамасыз етудің бас жобасын жүзеге асыру аясында өңірімізге жұмыс сапарымен келген «КАТЭК» инжинирингтік компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстікте жас ақындар айтысы өтті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Елбасы - елдің тірегі!» атты оқушылар арасында облыстық айтыс өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Маңғыстаулық студент Қазақстан тиындарының бірегей коллекциясын жинады

Казинформ 

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласының тұрғыны Артем Рахматуллин Чехияның Брно қаласындағы техникалық университеттің «Машина жасау» факультетінің студенті атанғалы қазақстандық тиындар коллекциясын сақтап келеді әрі оны бірегей деп санайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Имашев Халықаралық қазіргі заманғы бессайыс одағының вице-президенті болып сайланды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франкфурт қаласында (Германия) Халықаралық қазіргі заманғы бессайыс одағының (UIPM) 68-ші есептік-сайлау Конгресі өтті. Аталған Конгресте Қазақстан Республикасы UIPM Атқарушы комитетінде жоғары тағайындауға ие болды. Атап айтқанда, ҚР ҰОК Атқарушы комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Қазіргі заманғы бессайыс федерациясының президенті Берік Имашев Халықаралық қазіргі заманғы бессайыс одағының (UIPM) вице-президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайда ұлттық валюта көрмесі өтті

Казинформ 

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық банкінің Қостанайдағы бөлімшесі «25 жұлдызды күн» аясында банкноттар мен тиындар коллекциясының көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Божко агротехника өндірісінің өскендігі туралы «ертегі» айтпауға кеңес берді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Инвестициялар және даму министрлігінің өкіліне «ертегі» айтпауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зеренді ауданында өртенген мектептің орнына жаңа мектеп салынуы мүмкін - Ақмола облысы

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен аппарат кеңесі өтіп, онда өткен демалыс күндері Зеренді ауданы Дөңгілағаш ауылындағы орта мектептің қазандығында болған өрттің зардаптарын жою мәселесі сөз болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының полицейлері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай арнайы акция бастады

Казинформ 

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Алматы облысының Ішкі істер департаменті арнайы акция бастады. Оның аясында 25 қайырымды іс жасамақ ниетте, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *