Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2016

Новости за 24.12.2016

Семейде тұрып қалған пойыз жолаушылары қараңғы əрі суық вагонда отыр

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы жүк вагондары жолдан шығып, соның салдарынан Дегелең-Семей теміржол учаскесінде қамалып тұрған пойыз жолаушыларымен байланысқа шықты. «Лениногорс-Астана» бағытындағы пойыз жолаушыларының бірі фэйсбук əлеуметтік желісіне пойыз вагонында су да, жарық та, жылу да жоқ екенін жазған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысында қарға омбыққан көліктер шығарылып жатыр

Казинформ 

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында ауа райы бұзылып, жолды қар басты. Төтенше жағдайлар саласының өкілдері қарға омбыққан көліктерді шығарумен айналысуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі, Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.

АҚШ-тың шекарашылары шетелдік туристердің әлеуметтік желілерін де тексере бастады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық шекарашылар шетелдік туристердің әлеуметтік желілері туралы да сұрай бастады. Бұл туралы Vesti.ru Engadget басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстаннан жыл сайын әлеуметтік жәрдемақы ретінде сыртқа 50 млн теңге шығарылады

Казинформ 

ТАРАЗ. КАЗИНФОРМ - Жамбыл облысы прокуратурасының өкілдері әлеуметтік жәрдемақы түрінде ел аумағынан қаржы шығару, қылмыстық жағдайдың күрделенуі, екі азаматтығы бар, тіпті үш азаматтыға бар азаматтарды анықтау әрекеттерімен күресуде. Аймақта қалыптасқан жағдай мен ол мәселелерді қадағалаушы органның қалай шешіп жатқандығы туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне облыс прокуратурасының басқарма бастығы Дәурен Көбеев айтып берді.

Қуанышты күн бүгін

Bilim-all 

Тәуелсіздік арманым, Тәуелсіздік арманым. Бір өзіңнен айналдым, Келіп жеткен ақ таңым.



Исекешев Астана әуежайындағы жаңа терминалдың құрылыс барысымен танысты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев бүгін Астана халықаралық әуежайындағы жаңа терминалдың құрылысымен танысты. Бұл туралы қала басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ташкенттегі Су саммитінде Қазақстанның бастамасы туралы тағы айтылды

Казинформ 

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанның астанасында Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің ұйымдастыруымен «Орталық Азия: үрдістер мен сын-тегеуріндер» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтті. 

«OKAN Holding» Оңтүстікте жұмыс істеуге ынталы

Казинформ 

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев түркиялық «OKAN Holding» компаниясының президенті Бекир Оканмен кездесті. Өңір басшысы мәртебелі меймандарды Оңтүстіктің даму мүмкіндіктерімен таныстырды.

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында, қаржы секторында да бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған тағайындауларға дәстүрлі шолуын жасайды.

Қытайдағы қазақстандық студенттерді қандай мәселелер мазалайды

Казинформ 

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Қытайдағы Қазақстан студенттерінің қауымдастығы өкілдерімен (KSAC), Бейжің қаласында білім алып жатқан докторанттар және магистранттармен жылды қорытындылау мақсатында дәстүрлі кездесу өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы тілшісі.

Ерлан Біләл: «Алмас қылыш» - қоғамның рухын шыңдайтын фильм

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жуырда Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай түсірілген «Алмас қылыш» фильмі қоғамның рухын шыңдайтын шоқтығы биік туынды, дейді ҚазАқпарат тілшісімен әңгімелескен М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрдың директоры, әртіс Ерлан Біләл.

Қазақстан мен Үндістан ынтымақтастық бағыттарын белгіледі

Казинформ 

БЕЙЖІҢ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 21-24 желтоқсан аралығында Делиде Қазақстанның Үндістандағы елшілігінің қолдауымен сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша қазақстандық-үндістандық біріккен жұмыс топтарының 5-ші отырысы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы ережеге өзгеріс енді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстанда қант қызылшасын өсіру тиімді ме

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10 мыңнан астам фермер үшін 160 ауылдық округте 670 семинар өткізді. Тағы 2 мың шаруашылықтар онлайн-режімде кеңес алған екен.

БҰҰ Израильден Палестинада қоныстардың құрылысын тоқтатуды талап етті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма, 23 желтоқсан күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Израильден Палестинада басып алынған аумақтардағы қоныстандыру қызметін тез арада доғаруын талап ететін қарар қабылдады. Құжатты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше 15 елдің 14-і қолдады. АҚШ делегациясы дауыс бермеді, деп хабарлайды Вести.ру.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *