Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Январь
2017

Новости за 07.01.2017

«GGG феномені» деректі фильмі шықты

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - «Профи Бокс Казахстана» тобы Вконтакте әлеуметтік желісінде Геннадий Головкин туралы жаңа фильмді орналастырды.

Шварценеггер Трамптың сынына жауап ретінде видеоүндеу жазды

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Арнольд Шварценеггер өзі жүргізетін «Жұлдыздың шәкірті» атты шоу бағдарламаның төмен рейтингі бойынша АҚШ президенті Дональд Трамптың кешегі келеке пікіріне Twitter-дегі аккаунтында жауап берді.

8 желтоқсанда елімізде бұрқасын және көктайғақ күтілуде

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 желтоқсан күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен елдің солтүстігінде тұрақсыз күн райы күтіледі, қар жауады. 

8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 желтоқсан күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен елдің солтүстігінде тұрақсыз күн райы күтіледі, қар жауады. 

Мароккода көлік апатынан кейін 10 адам тірідей жанып кетті

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Марокконың оңтүстігінде болған жол апаты салдарынан он адам тірідей жанып кетті, тағы 22-сі жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Франс Пресс» агенттігіне сілтеме жасап.



Жаңа жыл кезінде жарты миллионнан астам жолаушы теміржол арқылы тасымалданды - ҚТЖ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың қаңтарынан бастап ауа райының күрт нашарлауына, яғни көктайғақ пен бұрқасын желге байланысты бірнеше жоларналарда қозғалыс тоқтады. «Астана-Көкшетау», «Астана-Қарағанды» жоларналары жабылды. Қар тұтқынында жүздеген адам қалды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Ер жігіт қарияны пышақтап өлтірген - ОҚО

Казинформ 

ШЫМКЕНТ. Қазақпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында ер жігіт қарияны пышақтап өлтірді. Қанды оқиға Сайрам ауданында болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Turkish Airlines» əуе компаниясының 200-ден астам жолаушысы Қазақстанға жете алмай отыр

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Turkish Airlines» əуе компаниясының 200-ден астам жолаушысы ауа райының қолайсыздығы салдарынан Қазақстанға жете алмай отыр, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің басшысы Марат Иғалиға сілтеме жасап.

Қазақстанда ХҚКО-лар 8 қаңтар күні жұмыс істейтін болады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары 8 қаңтар, жексенбі күні жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Фейсбук-аккаунтында хабарланды.

«Қазақфильм» алаяқтар жалған кастинг жариялағанын ескертті

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -   Шакен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының PR-директоры  Дмитрий Шишкин киностудияның атын жамылып жалған кастинг жасайтын алаяқтардың көбейіп келе жатқандығын айтты.

«1 теңге - 1 үй» қоры құрылатын болды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - «1 теңге - 1 үй» жобасы бойынша қазіргі таңда жұмыс тобы құрылып, қысқа мерзімді жұмыс жоспары жасалып жатыр. Сонымен қатар, алдағы уақытта жобаның мақсаты, жүзеге асыру механизмі, талаптары, шарттары ресми парақшаларда жаряланады.

Шымкенттегі металлургтер стадионы қайта жаңғыртылады

Казинформ 

ШЫМКЕНТ. Қазақпарат - Шымкенттегі металлургтер стадионы қайта жаңғыртылады. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары салынған спорттық нысан осы кезге дейін бірде-бір рет жөндеу көрмеген. Сондықтан, оны қала әкімдігі сатып алды. Қазір стадион жергілікті биліктің меншігіне өтті, - деп хабарлайды ҚазАқпараттың аймақтағы тілшісі.

ҚР ІІМ тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуге қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндірді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне экстремизм және терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының азаматтарды тіркеу бөлігіне қатысты түсінік берді.

Ыстанбұлдан жүзден астам жолаушы Алматыға ұша алмай отыр

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Ыстанбұл қаласында орналасқан Ататүрік әуежайынан Алматыға 120 адам ұша алмай отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаментінің басшысына сілтеме жасап.

Кулагин ақмолалықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин  Көкшетаудағы «Архистратиг Михаил приходы» православ шіркеуінде болып, ғибадатханаға жиналған жұртшылықты православие христиандарының Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *