Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Май
2017

Новости за 10.05.2017

Мұнайдың әлемдік бағасы қайта өсіп келеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды сауда бойынша, әлемде мұнай бағасы өсіп жатыр. Бұған осы сауданың мәліметтері дәлел, деп хабарлайды Gazeta.ru.

Ауыр атлетикадан Қызылорда облысы 3 дүркін ҚР Жастар спорт ойындарының жеңімпазы атанды

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының 4-ші Жастар спорт ойындары аясында ауыр атлетикадан жарыс өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Әке - отбасы діңгегі

Bilim-all 

Əке - асқар тау. Отбасында əкенің орны бөлек. Ол сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап бағуға да, ұрпағына жақсы тəрбие беруге де міндетті адам. Əке - баласы үшін асқар тау. Ал əке қамқорлығы дегеніміз - отбасы мүшелерін əртүрлі пəле-жаладан қорғап, бар махаббатын сыйлау. Əке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу əр баланы жақсы болашаққа апарады.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерінде жаңбыр жауып, желдің күшеюі күтіледі. Тек республиканың  оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Оскар де ла Хойя: «Канело» Головкинді жеңгеннен кейін P4P-рейтингінде нөмірі бірінші боксшы болады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя pound-for-pound рейтингіндегі өзінің боксшысының орны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Boxingscene.com.

Венгрияда Немат Келімбетовтің кітабы таныстырылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иштван Сечени атындағы Венгрия ұлттық кітапханасындағы Қазақстанның әдебиеті мен мәдениеті орталығында танымал қазақстандық жазушы Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.



Депутат Орал қаласындағы хоккей ойыны кезінде төбелесіп қалды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Жеңіс кубогына арналған хоккейден қалааралық турнир шеңберінде өткен «Орал» ХК (Орал) мен «Буревестник» ХК (Оренбург) арасындағы ойын кезінде қарсыластар төбелесіп қалды деп хабарлайды «Уральская Неделя».

ЕҚДБ үш облыстағы гидромелиоративті жүйені жаңғырту жұмыстарын қаржыландырады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кипрде Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің Басқарушылар Кеңесінің жыл сайынғы отырысы шеңберінде ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Бірінші вице-президенті Фил Беннетпен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының су шаруашылық және гидромелиоративті жүйелерін қайта қалпына келтіру» жобасы бойынша Кепілдік келісіміне қол қойды.

Әбілязовтің Грузияға «сапары»

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда БТА банктінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтің ісі бойынша сот процесі жалғасуда. Кезекті отырыста Грузиядағы қонақ үй құрылысы үшін еншілес компанияларды несиелендіру мен осы елдегі телекоммуникациялық компания үлестерін сатып алу туралы эпизод қаралды.

Петропавлдағы теміржол вокзалының ғимаратынан адамдар эвакуацияланды

Казинформ 

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД кезекшілік бөліміне теміржол вокзалының күту залында иесіз жатқан сөмке туралы телефон хабарламасы келіп түскен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырағы өскемендіктер үйдің кіреберісіндегі күдікті сөмке туралы хабарлады

Казинформ 

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде 102-ге Жеңіс даңғылындағы тұрғын үйде күдікті сөмке бар екендігі туралы хабарлама келіп түскен.  Осыған байланысты полиция үйді қоршап алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ерболат Досаев Президентке «Бәйтерек» ҰБХ активтерінің 15%-ға артқаны туралы баяндады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан халқының АҚШ саясатына қатысты ойын білгенім дұрыс - Джордж Крол

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Крол Қазақстан халқының Америка саясатына қатысты ойын не үшін зерделеп отыратынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент ҚР мемқызмет туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру қағидасын бекітті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Жарлығымен  Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Төлежан Барлыбаев Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі қызметіне тағайындалды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Елбасы Оңтүстік Кореяның жаңа Президентін Қазақстанға шақырды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Мун Чже Инге Корея Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

БҰҰ әйелдері қазақстандық сирек кәсіп иелерінің фотосын жариялады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Азиядағы БҰҰ әйелдері құрылымының ұйымдастыруымен Қазақстанның  Алматы, Астана, Шымкент және Семей қалаларында ерлерге тән  сирек кәсіп иесі атанған әйелдер туралы #YesSheCan фото көрмесі өткізілді. Бұл туралы  дүниежүзілік ұйымның сайты хабарлайды.

Қазақстан үкіметі де Американың демократиясына қатысты сын айтып отырады - АҚШ Елшісі Крол

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Крол еліміздегі сөз бостандығы мен демократияға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да мектеп түлектері биология мен физика пәндері бойынша емтихандарды таңдауда

Казинформ 

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Облыстық әкімдікте мектеп түлектерін емтихандарға дайындау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі СҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астанада бірқатар автобустың бағдары өзгереді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 10-15 мамыр аралығында жол жөндеу жұмыстарына байланысты Қабанбай батыр даңғылының Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі бөлігі жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Головкин VS Альварес: Келісім бойынша тағы қандай мәселелерді реттеу керек

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің сөзіне қарағанда, бүгінде алда күтіліп отырған жекпе-жекті кеңінен жарнамалауға қатысты бірқатар келісімдерге келу керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *