Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Июль
2017

Новости за 20.07.2017

Қазақстанда әуе көлігімен қатынауды қалайтындар жарты миллион адамға артты

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың алты айында Қазақстанда жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау 18,7% артты немесе бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 500 мың адамға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Қайрат» Еуропа лигасындағы ойындарын аяқтады

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының «Қайрат» футбол клубы Албанияда өткен Еуропа лигасының екінші іріктеу раундының жауапты матчында «Скендербеу»-ге 0:2 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысында газ 50 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін

Казинформ 


АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында газдың бағасы 50 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы монополист компания қоғамдық тыңдаулар барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін елдің 7 облысында дауыл тұрып, бұршақ жауады

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 21 шілде күні Қазақстанның  басым аймағында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Сондай-ақ жел күшейіп, дауыл тұратыны күтілуде. Республиканың солтүстік, солтүстік-батысында  түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Ал елдің оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

ШҚО-да пара алған департамент басшысына 6,3 миллион теңге айыппұл салынды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында ҚР Ивестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ШҚО бойынша департаментінің бұрынғы басшысы мен аталған ведомствоның бөлім басшысы 300 АҚШ доллары мөлшерінде пара алғаны үшін заңға тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

БЖЗҚ-да жиналған зейнетақы жинағы мұраға беріле ме?

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес, әр азаматтың зейнетақыға бөлетін жарнасы айлықтың 10 процентін құрайтыны белгілі. Демек, азамат ғұмыр бойы жұмыс істеп, айлығының оннан бір бөлігін зейнетақы жарнасына аударып отырса, қартайған шағында қиналмай зейнетақысын алып отырады. Ал егер ойламаған жағдай орын алса не болады? Зейнетақы төлеміне қатысты әр түрлі жағдайларды зерттеп, зерделеу мақсатында «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы... Читать дальше...



ОҚО-дағы шалғай ауданда 20 үй беріліп, 55 га жер үлестіріледі

Казинформ 

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Қазірдің өзінде Шаян ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 20 үй салынып жатыр. Олар алдымен, әлеуметтің әлсіз тобына берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Алматыда құбырлардың астында қалған қыз екі айдан кейін ғана аяғынан тұра алады

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүк көлігінен құлаған ауыр құбырлар басып қалған бойжеткенге ота жасалды, енді ол амбулаториялық ем қабылдауға әзірленіп жатыр, деп хабарлады Алматы қаласындағы 4-ші клиникалық емхана дәрігерінің орындасары Қанат Тезекбаев.

«Ледокол-2» Көгілдір шығанақта жауынгерлік кезекшілікке тұрды - ШҚО

Казинформ 

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Ледокол-2» рейдтік мұзжарғыш-өрт сөндіру кемесі жауынгерлік дайындыққа келтіріліп, Өскемендегі «Аблакетка» айлағынан Көк шығанаққа ауыстырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев: Аграршылар өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруы керек

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев СҚО Қызылжар ауданының Новоникольский ауылындағы кездесуде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен АӨК дамыту жаңа мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын талқылады, деп хабарланды ҚР Үкіметінің ресми сайтында.

Ақмола облысында ер адам прокуратура қызметкері мен полицейді жаралады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Ақмол ауылында (Малиновка) ер адам прокуратура қызметкері мен полицейді жарақаттап, кейін өзін-өзі атып өлтірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ОҚО-да 4 мыңға жуық жас кешенді тест тапсырды

Казинформ 

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында кешенді тест тапсыру төрт жоғары оқу орнының базасында өтуде. Биылғы жылы сынақтан өтуге орта білімі бар  4 мыңға жуық жас қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Байқоңырда адамзаттың ғарышты игеруінің 60 жылдығы қалай аталып өтіледі

Казинформ 

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласы әкімшілігінде Жердің бірінші жасанды серігінің ұшқанына 60 жыл толғанын атап өту және дайындық бойынша жұмыс тобы құрылып, өзінің бірінші отырысын өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алматы қоғамдық кеңесі жолақысын 150 теңгеге көтеру туралы ұсынысты қолдады

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық кеңес мүшелері «Қаладағы жолаушы тасымалдау көліктеріндегі жолақысының дифференциалды төлемін енгізу» мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысында «Kazakh Invest» өкілдігі өз жұмысын бастады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл маусым айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында елге шетелдік инвестициялар тарту және осы бағыттағы жұмысты ұйымдастыру мақсатында «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы" АҚ өңірлік өкілдігі жұмыс істей бастады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астанада қазақ театры салынады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қазақ театрының құрылысы жоспарлануда. Бұл туралы Фейсбукте қала басшысының баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева жазды.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *