smi24.net
World News in Kazakh
Август
2017

Новости за 25.08.2017

Ертең көкпардан I Әлем чемпионатының ақтық сайысы өтеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 тамыз күні Астанадағы «Қазанат» атшабарында Көкпардан I Әлем чемпионатының финалы өтеді. Кеше сағат 17.00-де жарыстар аяқталды. Ұпай сандары бойынша финалға шыққан екі команда анықталды. Сонымен қатар, 27 тамыз күні сағат 17.00-де 3 орын иесі анықталса, сағат 18.00-де ақтық сайыс болады.

Павлодарда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 106 салымшысы «Нұрлы жол» бағдарламасымен пәтер алды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) салымшылары қоныс тойын тойлауда. «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 9 қабатты екі үй пайдалануға беріліп отыр. Бір шаршы метрінің бағасы 140 000 теңгені құрады. Баспанаға ие болу үшін банк клиенттеріне пәтер құнының 30%-на тең соманы есеп-шоттарында жинау керек. Жетпейтін қаражатты ТҮҚЖБ жылдық мөлшерлемесі жеңілдікті 5%-ды құрайтын заем түрінде береді.

ОҚО-да 400-ге жуық көшеге атау беріледі

Казинформ 

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өңірде «Көше атауларының маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Жиынға облыстық ономастика комиссиясының мүшелері мен ғалымдар, аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен ономастикаға жауапты мамандар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

ОҚО-да жыл басынан бері жол көлік оқиғасынан 164 адам қаза тапқан

Казинформ 

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 1013 жол көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 164 адам қаза тапқан. Тағы 1428 жолаушы түрлі дене жарақатын алыпты. Бұл туралы бүгін өңірдің көлік прокуроры мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Қарағандылық үздік кеншілер марапатталды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеншілер күні қарсаңында Қарағанды облысының әкімі кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Кеншілер мәдениет сарайында мерекелік салтанатты жиын өтті, онда алғыс хаттар мен төс белгілер табысталды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Биыл Ақмола облысында 15 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Ақмола облысында 15 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады. Бұл туралы өңірлік білім қызметкерлерінің тамыз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ күресінен ІІІ халықаралық турнир өтті - Қызылорда облысы

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Жаңақорған ауданында қазақ күресінен түйе палуандар арасындағы еңбек ардагері М.Нәлібаевты еске алуға арналған ІІІ халықаралық турнирдің ақтық сайысы өтті. 



Әлем чемпионаты-2017: Үшінші боксшымыз да қарсыласынан басым түсті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Гамбург қаласында әуесқой боксшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші болып болып шаршы алаңға шыққан боксшымыз Әбілхан Аманқұл да қарсыласын басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Астанада «Хилтон» қонақ үйінің ашылу рәсіміне қатысты

Казинформ 

 АСТАНА. ҚАзАқпарат - Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің аумағында орналасқан бес жұлдызды «Хилтон» қонақ үйінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Samsung басшысы бес жылға сотталды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореядағы ең бай кәсіпкерлердің бірі, Samsung Electronics компаниясының басшысы Ли Чжэ Ён жемқорлық жасағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Әлем чемпионаты-2017: Қазақ боксшылары айқастарын жеңіспен бастады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін  Германияның Гамбург қаласында әуесқой боксшылар арасында басталған XIX әлем чемпионатында қазақстандық былғары қолғап шеберлері алғашқы айқастарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада өтетін марафонда тоғыз Олимпиада ойындарының жүлдегерлері жүгіреді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 тамыз күні Астанада өтетін ШЫҰ марафонында кәсіпқой жеңіл атлеттер ғана емес, өзге спорт түрлерінен Олимпиада ойындарының жүлдегерлері де қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасай отырып.

Көкпардан Әлем чемпионатының финалында Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кездесетін болды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Қазанат» атшабарында Көкпардан I Әлем чемпионатының кезекті күні болып өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ақмола облысында 3,5 мыңға жауық мұғалім жаңа бағдарлама бойынша біліктіліктерін арттырды

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 3 416 мұғалім білім берудің жаңа бағдарламасы бойынша жұмыс істеу үшін біліктіліктерін арттырды. Бұл туралы бүгін Көкшетауда өткен ұстаздардың тамыз конференциясында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Валерий Гамазов өз баяндамасында атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында апатқа ұшыраған ұшақ 100 метр биіктіктен құлаған

Казинформ 

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының Балқаш ауданында апатқа ұшыраған шағын ұшақ 100 метр биіктіктен құлаған. Әуе кемесіндегі ұшқыш Анатолий Федорович Меньчиков оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік хатшы Алматының бірқатар мәдени нысандарында болды

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекетттік хатшысы Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында қаланың бірқатар мәдени нысандарында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Электрондық үкіметтің көрсеткен қызметі бір жылда 13 пайызға артты - Алик Шпекбаев

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2017 жылы мемлекеттік қызмет тізімі 5 есеге, 132-ден 723-ке дейін ұлғайтылды. 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында көрсетілген электрондық мемлекет қызмет былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48 пайызға артық. Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орынбасары Алик Шпекбаев бүгін Алматыда өткізген ведомствоаралық көшпелі жиында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *