Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Ноябрь
2017

Новости за 11.11.2017

Қазақстанның басым бөлігінде жексенбі күні жел күшейеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Антициклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде жексенбі күн ашық болады деп күтілуде. Тек елдің батысы мен шығысында қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қостанай тұрғыны өз үйінде өлтірілген адамның мәйітін үш ай сақтаған

Казинформ 

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында мүгедек зейнеткер 3 ай бойы өлген адамның денесін сақтап келген. Бұл іске қатысты Қарабалық аудандық соты осы аптада үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ainanews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы «Сондерс-Лемье» кездесуінің андеркартында жұдырықтасады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс пен осы салмақта IBF нұсқасы бойынша экс-чемпион, канадалық Дэвид Лемье арасында өтетін жекпе-жектің андеркартында жұдырықтасады. Аталмыш кездесу 16 желтоқсанда Лаваледегі (Канада) Place Bell аренасында өтеді, деп жазады Sports.kz.

Футбол: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы ұпайына ие болды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2018 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде алғашқы ұпайына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Батысқазақстандық самбошы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ресейдің Сочи қаласында ерлер мен әйелдер арасында самбодан өтіп жатқан әлем чемпионатында батысқазақстандық Темірлан Ихсанғалиев қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Түркістанда сәулетшілер бас қосты

Казинформ 

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет орталығында «Түркістан шехренгизі» атты шара өтті. «Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында ұйымдастырылған шараға түркі халықтарының сәулетшілері бас қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық кітапхана мен «Бәйтерек» монументіне жарық берілді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірнеше сағаттан кейін республиканың Қорғаныс министрлігінің, «Керуен» СОО-ның ғимараттары электр қуатымен қайта қамтамасыз етілетін болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Есет батырдың 350 жылдығына орай ескерткіш ашылды

Казинформ 


АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Есет батырдың 350 жылдығына орай бірнеше шара өтті. Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ жерінде батырдың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *