smi24.net
World News in Kazakh
Март
2019

Новости за 19.03.2019

Назарбаев: Өкілетімді тоқтатамын

Azattyq.org 

Бүгін, 19 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев орталық телеарналар арқылы мәлімдеме жасап, өкілеттілігін тоқтататынын мәлімдеді.  Назарбаев "сайлау кезінде сенген" халыққа алғыс айтты. Ол "Нұр Отан" партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін жеткізді.  Назарбаев сайлау өткенге дейін уақытша президент қызметін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты. Назарбаев телеарна эфирінде өкілеттігін тоқтату туралы жарлығын оқып берді.  "Бұл... Читать дальше...



Елбасы Қазақстан халқына мәлімдеме жасайды

Zhambylnews.kz 

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына мәлімдеме жасайды. Бұл туралы  “ZhambylNews” АА Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Бүгін, 19 наурызда, сағат 19:00-де Мемлекет басшысы республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдеме жасайды» делінген хабарламада.

Читать дальше...

Қайрат Қожамжаров жаңа қызметке тағайындалды

Zhambylnews.kz 

Мемлекет басшысының қаулысымен Қожамжаров Қайрат Пернешұлы Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.  Қайрат Пернешұлы Тараз қаласында 1965 жылы 24 наурызда дүниеге келген. А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. 1987 жылдан бастап 1995 жылға дейін Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарында қызмет еткен. 1995 жылғы қыркүйектен бастап 1998 жылғы наурызға дейін […]

Читать дальше...

Қорадағы мал жәрдемақы алуға кедергі ме?

Azattyq.org 

Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақыны алуға ниетті отбасылардың қорасындағы малы да табыс ретінде есептелетінін айтты. Бұған аз жалақы алып, мал ұстап отырған отбасылар қалай қарайды?

Якутскіде мигранттарға қарсы наразылықтан кейін бірнеше дүкен жабылды

Azattyq.org 

19 наурызда Якутск қаласында Орталық Азиядан келген мигранттар жұмыс істейтін 80 жуық қоғамдық көлік тоқтап, Орталық Азия мигранттары сауда сататын бірнеше дүкен мен базар жабылған. Якутиядағы Қырғыз диаспорасы Якутскіде жүрген Қырғызстан азаматтарын сыртқа шықпауға шақырды. Осыған дейін Якутиядағы басылымдар "16 наурызда 23 жастағы Қырғызстан азаматы 36 жастағы әйелді ұрлап әкетіп, зорлаған. Оған басқа екі Қырғызстан азаматы көмектескен" деген ақпарат таратқан еді. Жергілікті полиция негізгі күдікті ұсталғанын хабарлаған. Читать дальше...





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *