Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2025

Новости за 29.12.2025

Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді

Zhambylnews.kz 

Тұжырымдама Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамытуды көздейді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі. — Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз — әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді. Құжатта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында елді ұйыстыруға бағытталған жаңа қағидаттар мен тәсілдер қарастырылған, — делінген хабарламада. Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысы... Читать дальше...

Жамбыл облысында Қорғаныс министрі Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған мемориалдық тақтаны ашты

Zhambylnews.kz 

Салтанатты іс-шара Жуалы ауданының Б. Момышұлы ауылында өтті. Бұл жерде Тараз гарнизонының тау қорықшылары жеке полкі орналасқан. Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған салтанатты жиында Қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов мемориалдық тақтаны ашты. Іс-шараға полк басшылығы, жеке құрамы, шақырылған қонақтар және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты. Қорғаныс министрі […]

Читать дальше...



Жапаров Атамбаевты мемлекеттік наградаларынан айырды

Azattyq.org 

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты атақ-наградаларынан айыру туралы жарлыққа қол қойды. Президент әкімшілігі жариялаған хабарда бұл шара 2025 жылғы 3 маусымда Бішкектің Бірінші мамыр аудандық соты шығарған шешімді орындау мақсатында қабылданғаны айтылған. Атамбаев Қырғызстанның Батыры атағынан, 2-дәрежелі "Манас" орденінен, "Данакер" орденінен және "Данқ" медалінен айырылған. Бас прокуратура жанындағы сот орындаушылары қызметіне марапаттарды тәркілеп, мемлекеттік наградалар қорына тапсыру жүктелген. Читать дальше...

Астанада түнгі клуб маңындағы төбелестен 18 жастағы жігіт мерт болған

Azattyq.org 

Әлеуметтік желілерде Астанадағы түнгі клубтардың бірінің маңында төбелес болып, салдарынан 18 жастағы жігіт қаза тапқаны жөнінде ақпарат тарап жатыр. Бұл туралы Tengrinews сайты жазды. Желі қолданушылар Threads платформасында "мекеме маңында жас жігітті пышақтап кеткен" деген мазмұнда пікірлер жазған. Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі басылым сауалына берген жауабында бұл оқиғаға байланысты кісі өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын салу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын айтқан. Читать дальше...





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *