Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Новости за 02.01.2026

Швейцарияда бес күндік аза тұту жарияланды, өртке байланысты Тоқаев көңіл айтты

Azattyq.org 

Альпі тауындағы Кран-Монтана шаңғы курортында орналасқан Le Constellation барында болған өрттен қаза тапқандарға байланысты Швейцария бес күндік аза тұту жарияланды. Бұл туралы конфедерация президенті, экономика министрі Ги Пармелен мәлімдеді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, 1 қаңтарға қараған түні болған өрт салдарынан шамамен 40 адам қаза тауып, 115 адамды қатты күйік шалған. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты санын анықтауға бірнеше күн кетуі мүмкін. Читать дальше...

Ирандағы наразылықта қаза тапқандар көбейді, Трамп "көмекке келетінін" мәлімдеді

Azattyq.org 

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы қатаң басып-жаншуға қарамастан көшеге шыққан наразылық білдірушілерді қолдайтынын мәлімдеді. Елдегі экономикалық қиындықтарға байланысты бес күннен бері жалғасып жатқан бұл наразылық салдарынан бірнеше адам қаза тауып, ондаған адам қамауға алынған.



Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өсті

Azattyq.org 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақы түрлері мен зейнетақы 10% өсті. Үкімет елдегі инфляция қарқынына байланысты төлемдерді ұлғайтынын хабарлаған. Кеше күшіне енген 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес биыл: ең төменгі жалақы – 85 000 теңге (167 доллар);мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (73 доллар);ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге (143 доллар);айлық есептік көрсеткіш – 4 325 теңге;ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге (105 доллар).





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *