Талдықорғандықтар Астана күнін веложарыспен атап өтті (ФОТО)
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Барша елмен бірге Талдықорған тұрғындары да Астана күнін атап өтті. Мереке құрметіне қаланың орталық алаңында жергілікті шығармашылық ұжымның қатысуымен мерекелік концерт өтті. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарының назарына картиналар мен қолөнер бұйымдарының тақырыптық көрмесі ұсынылуда.
