Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Июль
2015
1
2
3
4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31

Новости за 16.07.2015

Нигерияда болған екі жарылыстың салдарынан 30-дан аса адам көз жұмды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияның шығысындағы Гомбе қаласында екі жарылыс болып, салдарынан 30-дан аса адам көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости Қызыл Жартыай ұлттық қоғамдастығының мәліметтеріне сілтеме жасап.

ОҚО-да алты айда бюджет қаржысы 97,7%-ға игерілді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыс бойынша биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке 95,6 млрд.теңге түсті деп хабарлады «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте облыстық қаржы барқармасы басшысының орынбасары И.Шалабаев. Оның ішінде жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да түсімдердің жоспары 115,6 пайызға орындалған.

Баян Есентаеваның тобы енді дуэт болады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Shine Production продюсерлік орталыққа қарасты «Лашын» триосы енді дуэт болады, деп хабарлайды Massaget.kz топтың жеке парақшасына сілтеме жасап.



Қостанай облысында құлпытастарды қиратқан бұзақыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Казинформ 

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Аудан орталығы - Боровское ауылында құлпытастарды қиратқан белгісіз бұзақыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл хабарламаны Меңдіқара АІІБ растады.

ЕУРОПА ЛИГАСЫ: «Қайрат» ­«Алашкертті» айқын басымдықпен жеңді

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жаңа ғана Еуропа лигасының екінші іріктеу раунды аясында Алматының «Қайрат» футбол командасы мен Ереванның «Алашкерт» футбол клубының кездесуі аяқталды. Аса тартысты өткен матчта алматылықтар қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Ораза айт мерекесіне орай Астанада ұлттық ойындар сайысы өтеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ораза айт мерекесінде ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру мақсатында ересектер мен жастар арасында ұлттық ойындардан жарыс өткізілмек, деп хабарланған «Нұр Астана» мешітінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Юлия Путинцева Бостад турнирінің ширек финалына шықты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің 74-ші ракеткасы, Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева Бостодта (Швеция) турнирдің ширек финалына шықты. Жарыстың екінші айналымында спортшы WTA рейтингінде 253-ші сатыдағы француздық Ализе Лимнен  6/0, 1/6, 6/2 есебімен басым түсті.

Бішкекте арнайы операция барысында атыс болып, 4 содырдың көзі жойылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте халықаралық террорлық ұйым содырларының  белсенді қарулы қарсылығын жою бойынша МҰҚК жүргізген контр-террорлық операция аяқталды. Бұл туралы ҚырТАГ хабарлады.

Оралда автокөлікті қағып, бой тасалаған жүргізуші қамауға алынды

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының 16 шілдедегі қаулысымен жол-көлік оқиғасын жасап, бой тасалағаны және көлік құралын басқару құқығынан айырылса да, автокөлік айдағаны үшін Б. деген азамат 30 тәулікке қамалып, сондай-ақ оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Арктикада мешіт салынуда

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың  Нунавут арктикалық аймағында мұсылмандар үшін тұңғыш рет мешіт салынуда. 

Мәскеуде Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшуға даярлығы туралы Қазақстан-Ресей келіссөздері өтті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев қазақстандық ғалымдар - «Ұлттық ғарыштық зерттеу және технологиялар орталығы» АҚ өкілдерімен бірге Мәскеуде жұмыс сапарымен жүр.

Францияда аптап ыстықтан 700 адам көз жұмды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция аумағының басым бөлігін қамтыған қырық градустық ыстық 29 маусым мен 5 шілде аралығы кезеңінде 700-ге жуық адамның өліміне себеп болды. Бұл туралы бүгін Франция денсаулық сақтау министрі Марисоль Турэн хабарлады, деп жазады БЕЛТА.

Елордалық жастар ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтуге шақырылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жас Отан» ЖҚ жоғары оқу орындары түлектерін «Сәтті қадам» жобасына қатысуға шақырады. Тағылымдама еліміздің алдыңғы қатарлы компаниялары мен мемлекеттік органдарында өтеді. 

Мысырда имамның үстінен Қадір түні жасаған дұғасы үшін қылмыстық іс қозғалды - ВИДЕО

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр билігі ел астанасы - Каир қаласындағы Амр ибн әл-Ас мешітінің имамы әрі шейх Мұхаммед Жибрилді Қадір түнінде жасаған дұғасы үшін қызметінен қуды, деп жазады Ислам.кз.

Ақтауда футбол орталығы ашылмақ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда футбол орталығы ашылмақ. Футбол орталығы «Каспий» спорт кешенінің базасында пайда болады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының өкілі Анатолий Беляй айтты. Орталық жұмысына неміс футбол одағының бағдарламасы пайдаланылатын болады, деп хабарлады sports.kz.

Қостанай облысында қос мұғалім жылдар бойы жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аудандық прокуратураның білім саласын тексеруі кезінде Қамысты ауданының орта мектебінің екі мұғалімінің жоғары білім туралы жалған диплом пайдалану фактілері анықталды, деп хабарлайды Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *