Н. Назарбаевтың Қазақстан үшін жасағандарының бәрі тарихтың игілігіне айналады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің атына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бизнес құрылымдардың қазіргі және бұрынғы басшылары мен өкілдерінен, сондай-ақ мәдениет және білім беру саласының көрнекті қайраткерлерінен хаттар мен жеделхаттар әлі де келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
