Астанадағы орталық саябақта Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған көрініс қойылды (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық саябақта Астана қалалық Жастар саясаты басқармасы және Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу мерекесі аясында театрландырылған акция өтті.
