Юлия Путинцева Бостад турнирінің ширек финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің 74-ші ракеткасы, Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева Бостодта (Швеция) турнирдің ширек финалына шықты. Жарыстың екінші айналымында спортшы WTA рейтингінде 253-ші сатыдағы француздық Ализе Лимнен 6/0, 1/6, 6/2 есебімен басым түсті.
