Алматы облысында көлемді спорт кешені салынып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында 320 орынға арналған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл спорттық нысанға облыстық бюджеттен 238 млн. теңге бөлінген.
