БҚО-да биылғы бірінші жартыжылдықта 584,3 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші жартыжылдықта 584,3 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалық етуімен өткен, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының алты айдағы қорытындыларына арналған облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бибігүл Қонысбаева мәлім етті.
