Ақмола облысы бойынша «Bala Turkvizyon-Қазақстан» байқауының жартылай финалисі анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Bala Turkvizyon» халықаралық балалар әні байқауының Қазақстан бойынша үлкен саяхаты 12 өңірді артқа қалдырып, Ақмола облысында жалғасын тапты. Қазақстандық дарынды әрі әнші балаларға қолдау көрсететін Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаева мен оның «Жандану әлемі» қорының бастамасымен өткізіліп жатқан «BalaTurkvizyon-Қазақстан» байқауы еліміздің кішкентай тұрғындарына арнап қазақ тіліндегі жаңа 16 әнді жарыққа шығарып және оларды насихаттайды.
