Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Таиланд пен Камбоджа атысты тоқтатуға келісті

0

Таиланд пен Камбоджаның қорғаныс министрлері атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды.

Атысты тоқтату режимі жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де күшіне енді және ол "қарудың барлық түрлеріне" қатысты. Келісімге сәйкес, тараптар бейбіт халық пен азаматтық нысандар мен инфрақұрылымдарға, сонымен бірге әскери нысандарға соққы жасамауы керек

"Тараптар әскерді қазіргі орындарында әрі қарай жылжытпай ұстап тұруға келісті" деп жазылған құжатта.

Келісім аясында Таиланд егер атысты тоқтату режимі 72 сағатта бұзылмаса, 18 камбоджалық әскери тұтқынды босатады. Тараптар сонымен бірге "жағдайды ушықтыруы мүмкін арандату әрекеттерінен" аулақ болуға уағдаласты.

Бұл кейінгі айларда жасалған атысты тоқтату туралы екінші келісім. Қазан айында АҚШ президенті Дональд Трамптың араласуымен тараптар барлық әскери қимылды тоқтатып, тату-тәтті көршілік қарым-қатынас орнатуға міндеттейтін декларацияға қол қойған. Алайда желтоқсан басында екі ел арасында қақтығыс болып, жағдай қайта ушыққан.

"Әл-Жазира" арнасының хабарлауынша, 20 күндік қақтығыстың салдарынан екі елде жүзден астам адам қаза болған, жарты миллион адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

2025 жылы шілде де Камбоджа мен Таиланд шекарасында қақтығыс болып, Таиланд әскері Камбоджаға әуеден соққы жасаған.Шекарадағы аумақ пен ондағы буддистер үшін киелі саналатын храмдарға байланысты болып жатқан қақтығыстың жалғасып жатқанына бір ғасырдан астам уақыт болған және 20-21 ғасырларда оннан астам қантөгіс туындатқан.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *