Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2025

"Қазақмысты" кәсіпкер Нұрлан Артықбаев сатып алды

0

Qazaq Stroy компаниялар тобының негізін қалаушы, казақстандық кәсіпкер Нұрлан Артықбаев "Қазақмыс" компаниясын сатып алды. Ірі кен өндіруші компанияны сатып алу бойынша келісім процесі аяқталғанын Forbes.kz жазды.

Кәсіпкердің компанияны қаншаға сатып алғаны белгісіз. Қаражат көзі де жарияланбады.

Желтоқсанның басында "Қазақмыс" өз активтерін сату бойынша келіссөз жүріп жатқанын растаған. Себебі айтылмады. Ол кезде компания иелері миллиардерлер Владимир Ким (70 пайыз) және бизнесмен Эдуард Огай (30 пайыз) болған. Елдегі ең бай адамдардың бірі Кимді ақпарат құралдары елді 30 жылға жуық басқарған бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «әмияны» деп атаған.

"Қазақмыстың" меншік иелері өзгеріп жатқан тұста Қанды Қаңтардан кейін жұрт алдына сирек шыға бастаған Назарбаевтың саяси аренадан кетуінен кейін негізгі активтердің қайта бөлінісі туралы болжамдар айтылып жатыр.

Қазақстанда ірілігі жағынан екінші ірі жекеменшік компания саналатын «Қазақмыс» мыс кенін және катодты мыс пен мыс катанкасын өндіреді, бағалы металдар мен басқа да қосалқы өнімдерді тазартады, сатады. Компания өнімдерін Қытай мен Түркияға экспорттайды. Ол өндіретін алтынның барлығын Қазақстан Ұлттық банкі сатып алады. Компания кеніштерді игереді, өңдеу зауыттарына, ашық көмір шахталарына және мыс балқыту зауыттарына иелік етеді. Оның негізгі өнеркәсіптік нысандары Қарағанды және Ұлытау облыстарында шоғырланған.

Негізінен жылжымайтын мүлік пен құрылыс саласына бизнесі бағытталған Артықбаев жақында телекоммуникация саласындағы активтерді сатып алып, «Қазақтелеком» акционерлерінің бірі болды. Ол сонымен бірге мұнай, газ және тау-кен саласындағы бірқатар кәсіпорынды сатып алды. Forbes Kazakhstan журналы Артықбаевты биыл алғаш рет елдегі ең бай кәсіпкерлердің қатарына қосты. Басылым оның байлығын 228 миллион доллар деп бағалады.

«Қазақмыс» компаниясын сатып алмай тұрып бірнеше апта бұрын Артықбаев қараша айында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды. Ақорданың хабарлауынша, кездесу кезінде «құрылыс саласындағы дамудың негізгі бағыттары, сонымен бірге жеке бизнестің инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға араласуы» талқыланған.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *