World Population Review әлемде спиртті ішімдік ішетін елдердің рейтингісін жариялады
World Population Review порталы әлемде ішімдік көп және аз ішетін елдердің рейтингін жариялады.
Ішімдік көп ішетін елдердің қатарына Шығыс және Орталық Еуропа елдері кіріп отыр. Тізімнің басында Румыния (бір адамға жылына 17,1 литр таза спирттен келеді), одан кейін Грузия (15,5 литр) және Латвия (14,7 литр) тұр. ТМД елдері арасында спирттік ішімдік ішуден Молдова (14,1 литр), Беларусь (11,4 литр) және Ресей (10,5 литр) алда тұр.
Есеп авторларының сөзінше, Орталық Азия аймағында ислам діні кеңінен таралғандықтан ішімдікке аса әуестік байқалмайды: Қазақстанда – бір адамға жылына 5,4 литр спирттен келеді. Қырғызстанда бұл көрсеткіш— 3,9 литр, Түркіменстанда – 3 литр, Өзбекстанда — 2,1 литр, Тәжікстанда – 0,7 литрді құрайды.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, 2024 жылы ішімдік ішетін әрбір қазақстандық алкогольға бір жылда орташа есеппен 7400 теңге жұмсаған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 13,6 % көп. Аймақтар арасында, Шығыс Қазақстан облысы ( 16,2 мың теңге), Алматы қаласы — 15,3 мың теңге, Қарағанды облысы – 13,9 мың теңге, Солтүстік Қазақстан облысы — 13,9 мың теңге, Солтүстік Қазақстан — 13,7 мың теңге, Павлодар 12,9 мың теңге құртқан. Ішімдікке аз ақша жұмсайтын аймақтар арасында Қызылорда (1,3 мың теңге), Түркістан (1,5 мың) және Маңғыстау (1,6 мың теңге) облыстары бар.
2025 жылы Қазақстанда ішімдік бағасы арақ, коньяк, сыра және шарап сияқты бірқатар өнімдерге ең төменгі бөлшек сауда бағасы (MRP) белгіленіп, өсуіне байланысты қымбаттады. Мысалы, алғашқы жарты жылда арақ шамамен 6-10%-ға, шарап шамамен 10%-ға және сыра шамамен 13%-ға қымбаттаған.
