Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Италияда әйгілі модельер Валентино Гаравани дүниеден өтті

0

Италиялық Valentino сән үйінің негізін қалаған, аты әлемге әйгілі модельер Валентино Гаравани 93 жасында өмірден озды. Қаралы хабарды дүйсенбі күні оның атындағы қор таратты.

"Валентино Гаравани Римдегі өз үйінде, жақындарының ортасында өмірден өтті", – деп жазылған Valentino Garavani қоры Instagram-парақшасында жариялаған ресми мәлімдемеде.

Валентино Гаравани 1960 жылы тең құрылтайшы ретінде Valentino сән үйінің негізін қалап, содан бері өткен кезеңде Джорджо Армани мен Карл Лагерфельд сынды әйгілі дизайнерлермен бірге ХХ ғасырдағы сән индустриясының алып тұлғаларының бірі ретінде танылды.

Ол Жаклин Кеннеди, Диана және Маргарет ханшайым сынды танымал тұлғаларға, сондай-ақ Софи Лорен, Элизабет Тейлор, Одри Хепберн, Мерил Стрип, Джулия Робертс, Шэрон Стоун және Гвинет Пэлтроу сияқты өнер жұлдыздарына арнап сәнді киім тіккен.

2007 жылғы қыркүйек айында Валентино Гаравани сән индустриясынан кететінін ресми түрде жариялаған.

2023 жылғы желтоқсанда Лондондағы Альберт-холлда өткен British Fashion Awards марапаттау рәсімінде Валентино Гаравани сән әлеміне сіңірген айрықша еңбегі үшін арнайы сыйлыққа ие болды.

Әйгілі модельерді жерлеу рәсімі 23 қаңтарда Римдегі Санта-Мария-Маджоре шіркеуінде өтпек.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *