Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Хромтауда газ жарылып, 5 адам зардап шеккен

0

Ақтөбе облысы Хромтау қаласында дәмханада газ жарылып, салдарынан бес адам зардап шеккен. Жергілікті "Диапазон" басылымының жазуынша, көпқабатты тұрғын үйлердің маңында орналасқан бір қабатты шағын ғимаратта болған жарылыс күшінен нысанның шатыры ұшып кеткен. Әлеуметтік желілерде бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео тарады, онда ғимарат ішіндегі жалын байқалады.

Жарылыстан зардап шеккен, жас шамасы 30 бен 60 жас аралығындағы бес адам аудандық ауруханаға жеткізілген.

"Бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр, оның денесінің 20 пайызына дейін күйік шалған. Қалған төртеуі травматология бөлімшесіне жатқызылды" деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 19 қаңтар күні сағат 17:45 шамасында болған. Алдын ала дерекке сай, ғимарат ішіндегі су ысытатын газ жабдығы жарылған.

12 литрлік газ баллонындағы газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан ғимараттың бір бөлігі қираған деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі. Жарылысқа не себеп болғаны анықталып жатыр.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *