Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

Қазақстанда жаңа Конституция қабылдауды ұсынды

0

Қазақстанда мүлде жаңа Конституция қабылдау ұсынылды. Бұл ұсыныс 29 қаңтарда Астанада конституциялық комиссияның бесінші отырысында айтылды.

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев "Өзгерістердің ішінде Конституцияның концепциясын көбірек өзгертетін маңызды бастамалар аз емес. Мұның бәрі - қазіргі қоғам мен уақыттың талабы. Сондықтан конституциялық комиссия аясында жаңа конституция мәселесін қарастыру керек деп санаймын" деді.

Мәжіліс депутаты Дания Еспаева "қазір талқыланып жатқан реформалар Конституцияға әдеттегідей түзету енгізуден де артық. Қазір біздің алдымызда елдің негізгі заңын өзгерту мен толықтырудан да үлкен іс тұр" дейді.

Ал Айдос Сарым "кешегі отырыста өзгеріс 77 бапты қамтитыны айтылды, бұл дегеніміз - негізгі заңның 80 пайызы деген сөз. Сондықтан, жеке өзім және басқа да әріптестерім жаңа Конституция қабылдау мәселесін көтеруді дұрыс деп санамыз" деп мәлімдеді.

Қазақстанның қазіргі қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы қабылданған. Бірақ бұл құжат бірнеше рет өзгерген.

Биыл ақпанның басында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда конституциялық реформа жариялап, бұл өзгерістерді талқылау үшін конституциялық комиссия құрған. Биліктің қазіргі ұсыныстарына сай, Қазақстанда бір палаталы парламент болып, вице-президент лауазымы бекітіледі. Бұған қоса, Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы ассамблеясы тарап, оның орнына 126 адамнан тұратын Халық кеңесі құрылады. Кеңестің 126 мүшесін президент өзі тағайындамақ.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *