Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Трамп: Иранда болуы мүмкін ең жақсы нәрсе – режимнің ауысуы

0

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранда болуы мүмкін ең жақсы нәрсе – режимнің ауысуы деп мәлімдеді. Тегеран мен Вашингтон арасындағы жағдай ушыққан шақта АҚШ президенті Таяу Шығысқа тағы бір ұшақ тасымалдаушы кеме жіберілгенін растады.

Солтүстік Каролина штатындағы әскери базаға барған кезде журналистердің сұрақтарына жауап берген Трамп Иран туралы да айтты.

"47 жыл бойы тек сөйлеп келе жатыр. Осы әңгіме кезінде талай азаматынан да айырылды" деді Трамп. Ол осылайша 1979 жылғы Ислам революциясынан бергі кезең мен үкіметке қарсы наразылық кезіндегі халыққа оқ атуды меңзеді. Иранда соңғы рет үкіметке қарсы наразылық қаңтар айында болды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, мыңдаған адам қаза болған.

"Иранда режим ауысқан жағдайда кім басқаруы мүмкін?" деген сұраққа тіке жауап беруден бас тартқан Трамп "ондай адамдар бар" деді. АҚШ-та тұратын Иранның бұрынғы шахының ұлы Реза Пехлеви оппозиция жетекшілерінің бірі саналады. 14 ақпанда Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында сөйлеген ол "Ислам республикасына нүкте қоятын кез жетті" деп мәлімдеп, Трампты Иран халқына көмектесуге шақырды.

Жұма күні әскери базада сөз сөйлеген Трамп Тегеран ядролық бағдарламадан бас тартуы үшін Иранға қысым жасау керектігін алға тартты. Осы мәселе бойынша тараптар арасында тікелей емес келіссөз жүріп жатыр. АҚШ президенті келіссөзден нәтиже шықпаған жағдайда Иранға соққы жасауы мүмкін екенін айтқан. Reuters-тің АҚШ президенті әкімшілігіндегі дереккөзінің айтуынша, Америка әскерінің бірнеше аптаға созылуы мүмкін жоспары бар.

"Авраам Линкольн" ұшақ тасымалдағыш кемеден бөлек, Иран жағалауына әлемдегі ең ірі кемелердің бірі "Джеральд Форд" бара жатыр. Ол аймаққа шамамен бір аптадан кейін жетеді.

Иран билігі ядролық бағдарлама бойынша келісімге келуге дайын екенін айтқанмен ракеалық бағдарламаға қатысы бар немесе аймақтағы қарулы топтарды қолдамау сияқы АҚШ-тың басқа талаптарын кері қаққан.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *