Милан олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы атанған қазақстандық Михаил Шайдоров отандасы Денис Тен карьерасына үлкен әсер еткенін айтты. Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы олимпиадада қола медаль алған. Ол 2018 жылы Алматыда кісі қолынан қаза тапқан еді.