Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Қазақстанда Ораза басталды, ол 29 күнге созылады

0

19 ақпанға қараған таңда ораза ұстайтын қазақстандықтар ауызашарға тұрып, ауыз бекітті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жариялаған кестеге орай, мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы биыл 19 ақпанда басталып, 19 наурызда аяқталады. Ораза 29 күнге созылады.

Бейсенбі күні таңертең Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

"Бұл – дүние жүзіндегі миллиардтаған жанды рухани тазаруға, жақынына жанашыр әрі қамқор болуға үндейтін мезгіл. Ораза азаматтарды шыдамдылық пен төзімділікке шақырып, халқымыздың бойына қарапайымдылық, жауапкершілік және адалдық сынды асыл қасиеттерді сіңіреді" деп жазылған құттықтауда.

Тоқаевтың құттықтауында Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылғаны да атап өтілген.

"Бұл өрлеу және әділеттілік даңғылына түскен мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын Негізгі Заң болмақ" деп жазылған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы пітір садақа мөлшерін 735 теңге көлемінде бекітті.

Қазақстан мұсылмандары 17 наурызға қараған түні Қадір түнін қарсы алады. 20 наурызда Ораза айт мейрамы басталып, үш күнге созылады.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *