Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Атбасар түрмесіндегі азаптау ісі: ақтау үкімі жойылды, іс қайта қарауға жіберілді

0

Ақмола облысында Атбасар түрмесінде ондаған тұтқынды ұрып-соғып, азаптады деп айыпталған 12 қызметкерді ақтау үкімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді. Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

“Облыстық сот алқасының қаулысымен Атбасар ауданындағы ҚАЖК-нің 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімінің күші жойылып, іс сол сотқа, басқа құрамда жаңадан қарауға жолданды” деп жазылған сот хабарламасында.

Онда облыстық сот алқасы апелляциялық тәртіпте істі қайта қарау барысында процессуалдық бұзушылықтарды анықтағаны жазылған.
"Облыстық сот алқасы апелляциялық тәртіпте істі қайта қарау барысында процессуалдық бұзушылықтарды анықтап, келесі негіздермен үкімнің күшін жойды: алқабилер құрамында бұрын соттылығы бар адамның қатысуы анықталды; соттың ескертулеріне қарамастан, алқабилердің көзінше қорғау тарапы жәбірленушілердің абыройына нұқсан келтіретін мәлімдемелерге жол берген, бұл дәлелдемелерді бағалауға және алқабилердің пікіріне кері әсер еткен; алқабилердің қатысуымен талқылауға жатпайтын жәбірленушілерге қатысты мәліметтер жария етілген" деп жазылған сот хабарламасында.
Бұған қоса, сот алқасы "қорғаушының заңсыз әрекеттеріне байланысты ҚІЖМАС-тың (қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот) жеке қаулысын өзгеріссіз" қалдырған. Мемлекеттік айыптаушылардың заң нормаларын бұзғаны жөнінде бас прокурордың атына жеке қаулы шығарған.
2023 жылғы қыркүйекте әлеуметтік желіде Атбасар қаласындағы колонияда отырған Тимур Дәнебаев пен басқа да сотталған адамдардың соққыға жығылғаны көрінетін видео тараған. Бұл оқиғаға байланысты түрменің 12 қызметкеріне айып тағылып, сот процесі 2024 жылғы шілдеде басталған.Айыпталушылар түрменің ішкі ережесіне сай, тәртіп сақтап, қарсылық көрсеткендерге арнайы құралдар қолдануға мәжбүр болғанын, заң бұзбағанын айтып, өздерін ақтауды сұраған.2025 жылы ақпанда бірінші инстанциядағы сот түрме қызметкерлерін ақтаған. Құқық қорғаушылар мен белсенділер бұған наразы болған.Жәбірленушілердің арасында "ұлтаралық араздық қоздырған" деген айыппен үш жылға сотталған азаматтық белсенді Тимур Дәнебаев та бар. 2024 жылы күзде Дәнебаев сотта куәлік беріп, түрме қызметкерлері оны қатты ұрып-соққаны соншалық, есінен танып қалғанын айтқан. Дәнебаевтың сөзінше, оны әжетханадағы еденді жууға мәжбүрлеген, бас тартқаннан кейін қатты соққыға жыққан. Оның айтуынша, оны әжетхананы жууға мәжбүрлеп, басын унитазға тыққан.Ақмола облыстық соты бірінші инстанцияда шыққан үкіммен келіспей, оны апелляцияға берген. 2025 жылы сәуірде ақтау үкімі жойылып, іс бірінші инстанцияға қайтарылған еді. Алайда желтоқсанда Ақмола облыстық соты 12 қызметкерді қайта ақтағаны белгілі болған.Тимур Дәнебаев 2025 жылы қыркүйекте бостандыққа шыққан.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *