Иран билігіндегі ең ықпалды тұлға саналатын Әли Ларижанидың қазасынан кейін Тегеран Израильге зымыран жаудырды. Cарапшы бұл оқиғадан кейін аймақтағы шиеленіс одан сайын ушыға түседі деп бағалап отыр. Ал АҚШ-та Ирандағы соғысты қолдамаған жоғары лауазымды шенеунік отставкаға кетті. Ол – Ұлттық терроризмге қарсы орталықтың жетекшісі Джозеф Кент.