Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Мессидің әкесінің қазасы: желіде жерлеу рәсімінде түсірілген кадрлар тарады

0

Желіде аңызға айналған аргентиналық футболшы Лионель Мессидің әкесі Хорхе Мессиді жерлеу рәсімінен кадрлар мен суреттер жарияланды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Жерлеу рәсімі 9 тамызда Аргентинаның Перес қаласындағы El Prado зиратында отбасылық жабық форматта өтті.
Қоштасу рәсіміне марқұмның ең жақын туыстары: Лионель Месси әйелі Антонелла Роккуццомен және балаларымен, анасы Селия, футболшының ағалары мен қарындасы қатысты.

Лионель Месси мен оның отбасы Аргентинаның Росарио қаласында футболшының әкесі Хорхе Мессимен қоштасу үшін өткізілген жеке жерлеу рәсіміне қатысты.Соңғы қоштасу рәсімі ең жақын адамдарының қоршауында, оңаша әрі құрметпен өтті. ????️???? Latinus pic.twitter.com/rMV8WIPuwi
— Meridiano (@Meridianoonline) August 9, 2026
Қатаң қауіпсіздік шаралары мен отбасының жеке өмірге қол сұқпау туралы өтінішіне қарамастан, желіге отбасының келген сәті, Мессидің қатысуы және қоштасу барысы түсірілген видео мен фотоматериалдар тарап кетті.

Лео Месси мен отбасы Хорхе Мессимен соңғы қоштасу рәсімінде. pic.twitter.com/8J7q12EoOf
— FEDE FLOWERS (@fedeflowersok) August 9, 2026
Еске сала кетейік, аңызға айналған футболшының әкесі әрі ұзақ жылдар бойы өкілі болған Хорхе Месси 2026 жылдың 8 тамызына қараған түні 68 жасында ұзаққа созылған аурудан кейін Росариодағы (Аргентина) клиникалардың бірінде қайтыс болды.
Хорхе Месси әке ғана емес, ұлының мансабындағы алғашқы жылдардан бастап негізгі тұлға болды. Ол Лионельдің Барселонаға көшуіне қолдау көрсетіп, ұзақ жылдар бойы оның агенті әрі сүйеніші болды. Лионельдің өзі де матчтерден кейін әрдайым әкесінің мақұлдауын қажет ететінін бірнеше рет айтқан болатын.

Лионель Мессидің әкесі әрі өкілі Хорхе Месси ауыр сырқаттан кейін 68 жасында қайтыс болды. pic.twitter.com/5A7FFLdzwJ
— ESPN FC (@ESPNFC) 8 тамыз, 2026 жыл
Лионель Месси әкесін ақтық сапарға шығарып салу үшін Аргентинаға келді















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *