Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Индонезияда 7,7 балдық жер сілкінісі болды: 20 адам қаза тапты

0
Сенбі, 15 тамызда таңертең Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Jakarta Globe басылымына сілтеме жасап.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:58-де (Алматы уақытымен 02:58-де) болған. Зілзала ошағы Индонезияның Флорес аралына жақын маңда орналасқан. Одан кейін магнитудасы 6,2 болатын тағы бір дүмпу тіркелді, оның ошағы Лабуан-Баджо қаласынан 102 шақырым жерде болды.
Шығыс Нуса-Тенгара провинциясында тұрғын үйлер, мектептер, мемлекеттік және медициналық мекемелер, сондай-ақ, басқа да нысандар зақымданды. Кейнгі мәліметтерге қарағанда, жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 20 адамға жетті.

"Сенбіде Индонезияның шығыс жағалауында болған магнитудасы 7,7 жер сілкінісі мен ондаған афтершок салдарынан кемінде 20 адам қаза тапты", - делінген хабарламада.


Beritasatu.com/Fransiskus Yosep Andi

Құтқарушылар мәйіттерді Маумере портты қаласының маңынан тапты. Онда алты адам зардап шегіп, тағы екі адам үйінді астында қалып қойған. Нагакео округінде екі мыңға жуық адам эвакуацияланды.














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *