Ақтаудағы газ тапшылығы проблемасы шешімін тапты
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Соңғы күндері Ақтаудағы сұйытылған газды сатып алу орындарында отынның жетіспеушілігіне байланысты, кезекке тұрушылар қарасы көбейіп, оның арты дауға ұласып жатты. Қалада сұйық газ жетіспеушілігі проблемасы ҚазГӨЗ жөндеуден өтіп, толық іске қосылғаннан кейін өз шешімін тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
